Пән мен мән

«Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді бастапқы әскери дайындық жүйесінде қалыптастыру» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында оған қатысушылар оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру жайын талқылады. Елбасының бастамасымен жасалған «Мәңгілік ел» идеясы мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтарды біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдыруда.
Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын жас ұрпақ ағаларының игі істерін жалғастырып, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға құлшынулары керек. Осы орайда, балалардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті орнықтыруға ықпал жасайтын алғашқы әскери дайындық пәнінің маңызы зор.
Семинар тартымды өтті және қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өз білімдері мен біліктіліктерін  жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар