Құрылыс бой көтеріп келеді

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын-да салынып жатқан жаңа шіркеуде болып, мердігер-лерге құрылыс жұмыстарын ширатуды тапсырды.

Өңір басшысы алдымен орталық базарды аралап көріп, азық-түлік өнімдерінің бағасына назар аударды.  Осы күні халық тұтынатын тағамдардың нарықта тұрақты әрі бағасының қолжетімді болуы маңызды мәселе. Сол себепті, облыс әкімі саудагерлермен кездесіп, күнделікті тұтынатын әрі өзімізде өндірілетін азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар, бағаның әкімдік бақылауында екенін атап өтті.
Осы күні облыс орталығында салынып жатқан шіркеу құрылысында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ғимараттың қабырғалары тұрғызылып, жылу жүйесі тартылуда. Құрылыс жұмыстарын мердігер «НиксИнженерингГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Мердігерлердің сөзіне қарағанда, нысанды келер жылдың төртінші тоқсанында тапсыру көзделген. Жыл соңына дейін шіркеудің төбесі жабылып, күмбезі орнатылмақ. Алайда, облыс басшысы құрылыс жұмыстарының кестеден қалып келе жатқанын ескертіп, мердігерлерге сын айтты.
– Жұмыс өте баяу жүргізілуде. Күнде осы маңнан жүремін, құрылыста ілгерілеушілік байқалмайды. Қаржы мәселесін қолдан келгенше шешіп жатырмыз. Сондықтан, жұмысты ширатуды тапсырамын, – деді облыс әкімі өз сөзінде. Құрылысшылармен болған әңгіме барысында облыс әкімі құрылыс материалдарымен жабдықтау және жалақымен қамтамасыз ету жайын сұрастырып білді. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен бүкіл христиан қауымы үшін аса маңызды бұл құрылыс нысанын  салу барысында барлық құрылыс талаптарын сақтап, оның сапасына ерекше көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды және шіркеу құрылысы облыстық әкімдіктің бақылауында ұсталатындығын атап өтті.
Одан әрі өңір басшысы «Сарыарқа» шағын ауданында жаңадан салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Қала әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасовтың айтуына қарағанда, мұнда қырық бес пәтерлі бес үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде екі үйдің құрылысы аяқталса, тағы үш үй жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Ал, жалпы қала бойынша биылғы жылы барлығы он үй пайдалануға берілмек.  
Бұдан кейін облыс әкімі «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының РК-1 жылу қазандығында болып, қала басшылығына қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Суретте: жаңа шіркеу құрылысы.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар