Маңызды кездесу

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанділдә Жақыпов облысымыздың үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілерімен «Өзекті әлеуметтік мәселелерді медиация тетіктерін пайдалана отырып шешу» тақырыбында кездесу өткізді.

 

Халықаралық құқық қорғау орталығы мемлекеттік грант шеңберінде «Медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтауға қолдану» тақырыбындағы республикалық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – қоғамдық келісімді сақтау үшін медиация институтының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтау, алдын алу және оны реттеудің жолдарын табу, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы маңызды серіктестік тетігі мен диалог алаңын дамыту. Аталмыш жоба аясында медиация және құқық қорғау орталықтарын ашу, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы, сот, құқық қорғау органдарының қатысуымен пікірталас алаңдарын құру, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылау және оларды реттеуде медиация мүмкіндіктерін қолдану, медиаторларға арналған семинарлар өткізу сияқты іс-шаралар атқарылмақ.
Жанат ҚАЖЫБАЙҰЛЫ.  
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар