Таяуда Алматы қаласында әскерге шақырылған жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық турнир өткізілді.

Жеңіс тұғырынан көрінді

Аталмыш жарыста Алматы,  Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының жас өрендері  өзара бақ сынасты.  Біздің облысымыздың атынан Бурабай ауданының «Арман» оқу-тәрбие жұмысы мектептен тыс орталығының «Намыс» әскери-патриоттық клубы   қатысты.
Жалпы жарыс барысында 16-17 жастағы  жеткіншектер ересектер тобына кірсе, 14 пен 15 жас аралығындағы балалар кіші топта болды. Олар қоян-қолтық ұрыс, пневматикалық   тапаншамен оқ  ату бойынша сынға түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ойынның қорытындысы бойынша    ересектер де, кіші   топ та  бірінші орынға ие болды.   
  Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар