Екі жүз ерікті тартылады

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне   «EXSPO-2017» халықаралық  көрмесі жа-йында  кеңінен  түсінік берілді.

Отырысты «Kazakhstan Innоvation» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәриям Әбішева  ашып, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне облысымыздан екі жүз ерікті  қатысатынын және қосымша еріктілер тобы құрылып жатқандығын  жеткізді. Сондай-ақ, еріктілерге қойылатын негізгі талаптарды да айтып өтті.  Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов жоғары технологиялардың дамуы тақырыбында баяндама жасап, жастарды ғылыми ізденіске шақырды. Шара соңында студенттер еріктілер қатарына қалай қосылуға болатынын  сұрап білді.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар