Өтіріктің арты бір тұтам

Көкшетау қалалық  ішкі істер басқармасының кезекшілігіне хабарласқан азамат шетелдік автокөлігінің ұрланғанын айтып шағымданды.

Wolkswagen Passat маркалы автокөлікті жедел іздеу шаралары қолға алынып, көп ұзамай көлік табылды. Бірақ, істі тексере келгенде көліктің ұрланғаны өтірік болып шықты. Оқиға былай өрбіген. Әлгі көліктің иесі танысымен отырып арақ ішеді. Содан шала мас танысы  дәмханадан шығып, бөтелкелесінің машинасына отырып кете барады. Көлікте отырған мас адамның көше ережесін сақтамағаны өз алдына, апат қаупін тудыратыны белгілі.
Бағдаршам мен жол белгілеріне қарамай жүйткіген автокөлікті жол полициясы қызметкерлерінің тоқтатпақ болған әрекеті нәтижесіз аяқталады. Содан полицейлер көліктің соңына түседі. Құқық қорғаушылардан қашқан мас жүргізуші көлікті көп пәтерлі үйдің ауласына тастап, жаяу қашып кетеді.  Ертеңіне көлік иесі танысынан машинаны қай аумақта қалдырғанын біліп алып, сол маңайдан іздеп көлігін табады. Содан ол машинаны қаланың басқа бір ауданына апарып тастап, полицияға көлігінің қолды болғанын айтып арызданады.
Дегенмен, бөтелкелесін бүркемелеймін деп жүріп, әлгі азаматтың өзінің басы бәлеге  шатылды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 419 бабының екінші бөлігіне сай болмаған қылмысты болды деп көрсеткені үшін іс қозғалуда. Енді ол осы әрекеті үшін 3000 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар