Біржан сал есімі мен мұрасы мәңгі жасайды

Степняк қаласындағы аудандық орталықтандырылған кітапханада ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен шығармашылығына арналған өнер кеші болып өтті.

 

Шараны облыстық «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырды. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы жөнінде облыстық филармонияның әншісі, республикалық конкурстардың дипломанты Сәрсенбай
Хасенов айтып берді. Өңірлік «Біржан әндері» конкурсы бас жүлдесінің иегері Шешхан Өмірзақ Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің оқушылары Бауыржан Нұрмұқанов, Қадыл
Азаматпен бірге Біржан сал әндерін шырқады. Кездесу барысында қазақ халқының ұлы ақын-сазгерін еске алуға арналған фильм де көрермендер жүрегіне жол тапты. Кешке қатысушылар Біржан сал Қожағұлұлының мемориалына барып, тағзым етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар