Маңызды сала майталмандары

 «Достар» мәдениет сарайында Энергетиктер күніне орай салтанатты жиын өткізіліп, бір топ сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Елімізде жыл сайын желтоқсанның 22-і Энергетиктер күні ретінде аталып өтіледі. Тұрғындарды қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз етуде осынау сала қызметкерлерінің  жұмысы өте маңызды. Салтанатты шараға қатысқан Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді
Смайылов атқарылған жұмыстарға тоқталып, энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Бүгінгі күні энергетика ел экономикасының аса маңызды салаларының бірі. Сондықтан, энергетиктердің жұмысы ауыр, әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Қаламыздағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік-өндірістік нысандарды үзіліссіз жарықпен, жылумен қамтамасыз  етуге сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында қол жетіп отыр, – деді өз сөзінде ол.
Сонымен қатар, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының басшысы Виктор Радченко да сөз алып, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз кезегінде алдағы 2015 жылдан бастап кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеретінін қуанышпен жеткізді. Салтанатты жиында сала үздіктеріне Алғыс хаттар табыс етіліп, өзге де сый-сияпат жасалды. Мерекелік шара соңы концерттік  бағдарламаға ұласты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар