Әріптесіміздің толымды табысы

Тәуелсіз еліміздің білім байлығын еселеп, арттыра түсуде сөз жоқ мұғалімнің еңбегі орасан. Дегенмен, білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырып отыру да ұмыт қалмауға тиісті.

 

Осы орайда, таяуда «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  Алматы қаласында өткен инновациялық педагогикалық шаралар туралы айта кеткенді жөн санап отырмын.
Осындай конкурс әр жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл шараның пайдасы да зор. Әріптестеріміздің озық тәжірибелерін үйреніп, жұмысқа жаңаша көзқараспен қарап, білім негізін бекіте түсуге септігі мол. Осы жолғы шараға мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері қатысты. Бірінші кезеңде 309 жұмыс қаралды. Қазылардың сараптауынан кейін 171 жоба мақұлданды.
Шеберлікті шыңдай түсетін жобаға біздің облысымыздан 29 маман қатысты. Оның сегізі Көкшетау қаласынікі. №11 «Арай» балабақшасынан арттерапия әдісін қолдануға қатысты киіз басу ерекшеліктерін екшейтін авторлық жобасын көрсету орайында мұғалім-логопед Күнсұлу Бекболатова да әріптестерінің назарын өзіне аудара білді. Ықылым заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қолөнердің өзіндік ерекшеліктері бала ағзасының дұрыс жетілуіне, жан-жақты өсуіне игі әсер ететіндігі даусыз.
Қазылар алқасы Күнсұлу Құсбекқызының ілкімді істерін лайықты бағалап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Үздік авторлық бағдарлама» бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Орталықтың атынан сертификат тапсырылды. Біз өз тарапымыздан биік белестерді бағындырған Күнсұлу Құсбекқызына жаңа шығармашылық табыс тілейміз.

Гүлнәр ЕСІМСЕЙІТОВА,
№11 «Арай» балабақшасының мұғалім-дефектологы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар