Шәмшінің асқақ әндері

«Менің Қазақстаным» атты облыстық ән фестивалінің алтын арқауына айналды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ән мерекесіне фестивальді қабылдаған Аршалы ауданынан бөлек Целиноград, Ақкөл, Ерейментау, Егіндікөл, Шортанды, Қорғалжын аудандарының өнерпаздары қатысты. Кеш «Шәмші әндерінің попурриіне» құрылған «Мираж» халықтық би ұжымының орындауындағы әсем биімен ашылды. Кеште композитордың жиырмаға жуық әні орындалды. Ерейментаулық әншілер Гүлнәр Жүнісова мен Әлия Өмірбаеваның, целиноградтық өнерпаз, республикалық байқаулардың жеңімпазы Ерлан Құжымановтың, ақкөлдік Азамат Қайыровтың, егіндікөлдік Далида Аманбай мен Қамсызбай Қуанғанның,  қорғалжындық Төрехан Тәжин мен Аршалы ауданының «Ақ әжелер» және  Н.Зеленый халық ансамбльдерінің өнерлерін ерекше атап өтуге болады.
Фестивальге қатысқан барлық өнер-паздарға аудан әкімінің арнайы сыйлық-тары мен дипломдары тапсырылды.
Құлақ құрышыңды қандырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын Шәмшінің әндері болашаққа жалғасып, жыл өткен сайын жаңғыра бермек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар