Бірінші кезекте – әлеуметтік сала

Облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячектің төрайымдылығымен өткен депутат сағатында кезекті отыз екінші сессияда қаралған мәселелер алдын ала жан-жақты талқыланды. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков қатысты.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаев сөз алып,  2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасымен депутаттарды таныстырып өтті.  Алдағы жылдың бюджетінің 57 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Яғни, мектептер мен ауруханаларға, жолдарды жөндеуге, басқа да маңызды деген мәселелерге мүмкіншілігіне орай қаржы қарастырылған.  Бұдан басқа, айтулы даталарға толы келер жылда даңқты жерлестеріміз Ілияс Есенберлин мен Мәлік Ғабдуллиннің мерейтойларын өткізуге, соған байланысты олардың мұражайларын жөндеу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  осы соғысқа қатысқан майдангерлерге 150, ал, Ауған соғысы мен Чернобыль апатынан зардап шеккендерге 75 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы берілмекші. Облыс орталығы Көкшетау қаласын өңірдегі  өзге қалаларға үлгі боларлықтай деңгейге көтеру мақсатында қаладағы лифт, газбен қамту жүйелерін жаңғырту мен саябақтарды жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осы орайда, облыстық мәслихат депутаттары Нар-тай Ысқақов, Людмила Багапова, Ғалия Көпеева, Жанболат Қамалиденовтер бюджет жобасына қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Бұдан кейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Николай Политкин мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгертулер енгізу жайын, ал, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин комиссияның  жұмыс тәртібінің негізгі ережелерін бекіту туралы хабарлама жасады. Ал, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин облыс орталығындағы Северный көшесін Сәкен Жүнісовтың, ал, Красная көшесін Әлімжан Баймұқановтың атына беру туралы ұсынысты қолдауды сұрады. Жалпы, бюджет жобасына қатысты депутаттардан  197 ұсыныс келіп түсіпті.
Депутат сағатында қаралған мәселелердің бәрі кейін облыстық мәслихаттың сессиясында өз шешімін тапты.
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар