Жол қауіпсіздігі апталығы

«Жолда жүру қауіпсіздігі апталығы» акциясы басталды. Дәстүрлі акцияға айналған шара барысында жұртшылықтың назарын жол ережелерін сақтап, өзіміздің және өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауға аудару мақсатында ұйымдастырылған акция облысымыздың барлық өңірлерін қамтымақ.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, үстіміздегі жылы облысымызда 411 жол апаты болған екен.  Осы апаттардың салдарынан 89 адам   көз жұмса, 600  адам түрлі деңгейде жарақат алған. Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мәлімдеуінше,  адамдардың  жол апатына ұшырауы  ең алдымен, жолда жүру ережесін ескермеуінен және  көліктің шектен тыс жылдамдығын асыруынан  болады.  Жыл басынан бері осындай жол ережелері тәртібін бұзған  21000 жүргізуші  әкімшілік жазаға тартылған. Сонымен бірге, автокөлік руліне мас болып отырған 16 жүргізуші ұсталған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар