Көмек көрсетіп келеміз

Ауданда бүгінгі күні 1302 шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 85-і шағын кәсіп иелері болса,  983-і жеке кәсіпкер. Сондай-ақ, 229  шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Жыл басынан бері кәсіпкерлік саласында 406,3 миллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 65 пайызға көп.

Кәсіпкерлік саласында еңбек ететін адамдар да жыл санап көбейіп келеді. Бүгінгі күні бұл салада 5,8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Кәсіпкерлікпен айналысатындар аудандағы жалпы еңбекке қабілетті тұрғындардың 46 пайызын құрайды. Мұның өзі қазіргі кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқандығын көрсетеді. Бұл жайға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсібін ашуға ынталыларға жеңілдікпен түрлі несиелер берілетіндігінің де игі ықпалы тиіп отырғаны даусыз. Жыл басынан бері кәсіпкерлік саласында 153 қосымша жұмыс орны ашылды.
Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»  бағдарламасы шеңберінде бірінші субсидиялау бағдары бойынша сегіз жоба қаржыландырылды. Каменка селосынан қазіргі заман талабына сай жабдықталған дүкен мен дәмхана, «Word Berries» серіктестігінің құрғақ жеміс шығаратын цехы ашылып, Балкашин селосында кондитер цехының құрылысы жүргізілуде.
Туризм саласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Жеке кәсіпкер Б.Қанафиннің 25 орындық қонақ үйі салынып, осының нәтижесінде бес  жаңа жұмыс орны ашылды.

Валерий ШМАТЕНКО,
аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар