Жанұзақтың айшықты туындылары

Әдебиет және өнер музейінде өңірімізге танымал қылқалам шебері  Жанұзақ Маржықовтың ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұлттық нақыштағы жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

 

«Ұлы дала тынысы» деп аталатын көрменің мақсаты – өнерді насихаттап, оны жұртшылыққа таныстыру, жас буынды ұлтымыздың шығармашылық өнерін қастерлеуге шақыру.
 Ақмола облыстық мәдениет басқармасы мен Көкшетау қалалық мәдениет бөлімінің көмегімен ұйымдастырылған көрменің ашылуына жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жанұзақ туындылары сонау Кеңес заманынан бастап «Қазақстан пионері», «Көкшетау правдасы», «Степной маяк» газеттерінде жарияланып, жұртшылыққа жақсы танылған. Содан болар, көрермендердің суретшінің көрмесіне деген ынтасы жоғары болды. Бұл ашылу салтанатында сөйлеген адамдардың пікірінен де анық аңғарылды. Портреттер мен туған жердің табиғаты, қазақтың ұлттық ерекшеліктері паш етілген суреттер шынайылығымен ерекшеленеді.

 Фараз МҰСАЙ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар