Рәмізімізбен мәртебеміз биік

«Ұлы Дала Елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» республикалық акциясының екінші күні аясында облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов алда келе жатқан еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы  мемлекеттік рәміздерді насихаттау, ұлттық патриотизмді қалыптастыру және халықтар достығын нығайту бағытындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға тамаша себеп болып отырғандығын айта келе, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік рәміздерге үлкен көңіл бөліп келе жатқандығын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының  14-ші  сессиясында Елбасымыз Н.Назарбаев ұлтаралық бірлік еліміздің басты стратегиялық таңдау жолы екендігін атап өткен болатын. Ал, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет ұлтаралық татулықты нығайтуға елеулі ықпалын тигізеді. Осы орайда, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге деген жауапкершілік қолданыстағы заңдарымыз арқылы нақты қолдау тапты.
Облыстық мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Мәрзият Тохаева мемлекеттік рәміздердің еліміздің тарихындағы орны мен тәуелсіздігіміздің нышаны ретіндегі рөлі жайында әңгімелеп берді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның алдағы жұмыс жоспарлары жайында баяндады. Алдағы 2017 жыл – мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналатын болады.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов барлық  өңірлерде мемлекеттік рәміздер мәселесі әрдайым  айрықша назарда ұсталуы қажеттігін, өйткені, бұл жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, еліміздің басты байлығы – ұлтаралық татулық пен тұрақтылығымызды сақтауға және нығайтуға оң әсерін тигізетінін атап өтті.
Шара соңында биылғы жылы облыста мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен  мекемелерде олардың дұрыс орналасуы бо-йынша жемісті еңбек еткен қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жанар Жүнісова, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерлан Шаяхметов бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Облыс орталығында  «Бұл біздің Ту, Әнұран, Елтаңба» автошеруі өтті.

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы «Zello» және «Cars Kokshe» жүргізушілер қауымдастығымен бірлесіп өткізген автошеру Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуге арналды. Көк байрақтарды желбіреткен он екі машинадан құралған колонна Абай көшесінің бойындағы Ту тұғырынан бас-тау алып, қала көшелерін аралап өткен соң Тәуелсіздік алаңына келіп ат басын тіреді. Осы жерде үлкен мемлекеттік ту айқара жайылып, акцияға қатысқан жастар мен студенттер рәміздерімізге деген зор сүйіспеншіліктерін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Әлеуметтік желілерде «I LOVE KZ» тақырыбында жалпыұлттық флешмоб өткізілді.    

 

Аталмыш шараға елжанды жастар көптеп қатысып, игілікті істі алғашқылардың бірі болып эстрада және телевизия жұлдыздары қолдады. Олар өздерінің парақшаларында Қазақстанның Туымен түскен фотосуреттерін жариялап, акцияға жұртшылықты қатысуға шақырды.  Егемендігімізді ұлықтайтын рәміздер әрбір қазақстандық үшін қасиетті де қастерлі ұғым. Осыны ұғына түсінген халық күні бойы әлеуметтік желілерде осы тақырыпта сұхбаттасып, өз пікірлерін ортаға салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Ауданда мемлекеттік рәміздерге арналған  флешмоб жастарымыздың өз еліне деген патриоттық сезімін тағы бір арттыра түсті.

 

Шараға мемлекеттік ұйымдар мен  мекемелердің қызметшілері қатысты.  
Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын салтанатпен  әкелуімен басталды. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен  оның мәні туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Светлана Потапчук әңгімелеп берді.  Мемлекеттік  рәміздерге  құрметпен қарау қолданыстағы заңдармен бекітілген.  Шараға жүзден астам адам қатысып,  жиналған қауым Әнұранды  бірге орындады.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар