Жайқалған егіні, мыңғырған малымен аты шыққан

 

Ақмола жерінде ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Оған облыс орталығы мен өңірлерінен еңбек ардагерлері, аудан, қала әкімдері, мәслихат хатшылары, депутаттар, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жетекшілері, еңбек озаттары, БАҚ өкілдері, барлығы 600-ден астам адам қатысты. Салтанатты жиналыста облыс әкімі Сергей Кулагин жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысының сөзі мен ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде облысымыздың тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қол жеткізген толайым табыстары жан-жақты көрініс тапты.

 Салтанатты шара алдымен, өңір басшысының көрмені аралауымен бас-талды. Мұнда «Тыныс» акционерлік қоғамының бөлім басшысы Ерден Әйіпов өздері өндіретін бронды кеудеше, құйылған металдар, теміржол вагондарының тежегішін, автокөлік жолының ұзақ қызмет етуі үшін гликсин, медициналық қондырғылар, полиэтилен құбыры, жылу есептегіші тәрізді жаңа жобалар жөнінде айтып берді. Облыс орталығында орналасқан «Көкше арнайы киім» кәсіпорнының директоры Елена Быданова өз сөзінде әр саланың еңбеккерлері үшін арнайы киім тігетіндерін, биыл мектеп формасын тігуді қолға алғандарын атап өтті. Көрмеге білім саласындағы бірқатар ұйымдардың жобалары қойылыпты. Әсіресе, туризм және сервис индустриясына қатысты жобалар тартымды.
Облыстық онкологиялық дис-пансердің уролог дәрігері Рауан Нұрғалиев ота жасағанда пайдаланатын медициналық аспаптар жөнінде баяндап берді. Одан әрі облыс әкімі Степногорск «Арыстан» құбыр зауытының өнімдерімен танысып, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көлік инфрақұрылымы, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларының жетістіктері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі баяндалатын көрме бөлімдеріне назар аударды. Өңір басшысы Қазақстанның құрметті журналисі, ақпарат саласының үздігі Владислав Холиннің жеке суреттер көрмесін де көріп, жақсы бағасын берді.
Бұдан әрі салтанатты жиналыс-та сөз сөйлеген Сергей Кулагин нақты статистикалық деректермен көмкерілген ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің қажырлы да нәтижелі еңбегіне кеңінен тоқталды. Шешен үстіміздегі жылы тек Ақмола облысында ғана 5,7 миллион тонна астық жиналды, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің солтүстік аймағындағы облыстар арасында біздің облыс диқандары үздік нәтиже көрсетті, деп әділ бағасын беріп, ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің қол жеткізген толағай табыс сырын, жеңісті жолдағы мемлекеттің қолдауын, қарапайым еңбеккерлердің қажырлы іс-қимылын айрықша леппен атап өтті.
– Біздің облыста ауыл шаруа-шылығы еңбеккерлері күні мерекесіне орай, жыл ішіндегі толағай табысымызды екшеп, еңбек майданындағы өрендеріміздің, тұтас ұжымдар мен құрылымдардың қажыр-қайратын айшықтайтын салтанатты жиын өткізу, еңбек адамын дәріптеу, еңбек дейтін құдіретті насихаттау жақсы дәстүрге айналып отыр, – деді одан әрі облыс әкімі. Осы орайда, ел қуатының артуы-на ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті артып келе жатқандығы да игі ықпалын тигізіп отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын белгілеп берген болатын. Соның ішінде негізгі бағыт – агроөнеркәсіп кешенін дамыту.  
Әр жыл сайын облыс диқандары солтүстіктегі қолайсыз ауа райының әсеріне қарамастан, өз бойларындағы білім-тәжірибелерін сарқа жұмсай отырып, мол өнімге қол жеткізуде. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, елімізде астық жинау көлемі 25 пайызға артып отыр. Бұл – мерекеге тамаша тарту!
Жыл соңында ауыл шаруашылы-ғының табысы біздің өңірде бұрын-соңды болып көрмеген көрсеткішке қол жеткізбек. Нақтылап айтатын болсақ, өндірілген өнім көлемі – 330 миллиард теңге! Осындай табысқа ауыл шаруашылығы саласында уақытпен санаспай ерен еңбек ететін, мол қажыр-қайратын жұмсаған еңбеккерлердің өз міндеттерін адал атқаруының арқасында қол жетіп отыр. Біздің өлкеде ақық дән өсіру тәжірибесі ежелден қалыптасып, бүгінгі күні жаңаша серпін алып, ілгерілей түсуде. Ылғал сақтау технологиясын қолданатын алқаптардың көлемі бүгінгі күні үш миллион гектарға тең. Осындай жаңашылдықты өздерінің күнделікті тәжірибесіне батыл енгізгендердің ісі қашанда табыс-ты  болмақ.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекет тарапынан қолдау да нақты әрі қомақты. Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің дамуына үстіміздегі жылы 31 миллиард теңге көлемінде бюджеттен қайтарымсыз көмек көрсетілді. Бұл қаржы өткен жылғы көлемнен 15 миллиард теңгеге көп. Сондай-ақ, көктемгі егіс және күзгі орақ кезінде 5,2 миллиард теңге несие берілді. Міне, осындай көлемдегі мемлекеттің қолдауы жұмыс сапасын жақсартып, өнім көлемін молайтуға бағытталып отыр. Оның үстіне өнімнің өзіндік құнын арзандату мәселесі де біртіндеп шешілуде. Саланы дамытуға бағытталған қаржы агротехникалық шараларды уақытылы өткізуге септігін тигізеді. Міне, осындай жанды көмектің арқасында 4,3 миллион гектар алқаптан 5,7 миллион тонна астық жиналды! Биылғы жылы гектар берекесі 13,2 центнерден айналды. Тамаша өнімге қол жеткізген агроөнеркәсіп кешені қоймаларына жеткілікті тұқымдарын құйып алды. Мал азығымен де қамтамасыз етілді. Облыс жыл соңына дейін 1,8 миллион тонна сапалы астықты экспортқа шығара алады.
Ауа райының қолайсыздау болғанына қарамастан өндірілген астықтың 60 пайызы үшінші клас-ты болып отыр. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы көлемнен әлдеқайда көп. Бір қуаныштысы, Ақмола облысының алқаптарынан жиналған астыққа сұраныс жоғары.
Алдын ала қамданып, тиянақты дайындалған аймақтың ауыл шаруашылығы құрылымдары аса бір қиындықсыз үш миллион тонна астықты қоймаларына құйып алды. Оның үстіне 400 мың тоннаға жуық астық шаруашылықтарға кептіріліп, қалыпты деңгейге жеткізілді. Облыста барлық жайды алдын ала екшеп, тиісті шара қолданғандықтан үстіміздегі жылғы өндірілген астық өнімінен шығын болған жоқ.
Егін орағын уақытында өткізу алдымен шаруашылықтардың материалдық-техникалық қуатына тәуелді екендігі белгілі. Бұл орайда біздің облыста бірқатар игі іс жүзеге асырылуда. Айталық, 2011-2016 жылдары облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдары 3500 дана негізгі ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Тарата айтатын болсақ, оның 1500-і тракторлар, 1700-ге жуығы жоғары өнімді комбайндар, 344 егіс кешені. Нақты шараларды жүзеге асырудың арқасында еңбек өнімділігі де арта түсуде.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымызға қойып отырған нақты міндеттерінің бірі – жаңа технологияларды, селекциялық тұқым жұмысын кеңінен өрістете отырып, мал шаруашылығы саласын қайтадан жаңғырту, – деді келесі кезекте өңір басшысы. – Қазақстан шын мәнінде жақын және алыс шетелдерді мал шаруашылығы өнімдерімен молынан қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні мемлекеттің нақты қолдауының әрі сала еңбеккерлерінің қисапсыз еңбегінің арқасында облыстағы мал шаруашылығы саласы біртіндеп дамып келеді. Қазір бағылымдағы барлық мал басы 3 пайыздан
7 пайызға дейін өсіп отыр. Облыста мал бордақылау оң жолға қойылған. Бір мезгілде 1500 бастан 5 мың басқа дейін бордақылауға кәсіпорындардың әлеуеттік қуаты жетіп жатыр. Ал, барлық шаруашылықтардың мүмкіндігін түгел есептейтін болсақ, бір мезгілде 27 мың бас малды бордақылау алаңдарына қоя алар едік. Сүт өндіру саласында Ақкөл ауданындағы «Еңбек», Астрахан ауданындағы «Камышенка», Бурабай ауданындағы «Есіл Агро» және Целиноград ауданындағы «Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері көш бастап келеді.
Алдына нақты мақсат қойған жүйелі жұмыс қашанда табысты болмақ. Міне, осындай ілкімді істің ыңғайы оралып тұрған тұс – құс шаруашылығы. Бұл орайда, Аршалы ауданындағы «Ижевский» өндірістік кооперативі мен Еңбекшілдер ауданындағы «ҚазГерҚұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін бөле-жара айта кетуге болады. Олар өңірді жұмыртқамен 70 пайыз қамтамасыз етіп отыр.
Тәуелсіздік туын қолымызға ұстаған ширек ғасыр біздің еліміздің ажарын адам танымастай деңгейде өзгертті. Біз жаңа Астанамызды салдық. Әлеуметтік-экономикалық дамуымызда зор табыстарға жеттік. Байтақ елімізбен бірге Ақмола облысы да өсіп-өркендеуде. Облыс соңғы он бес жылда аймақтағы өнім көлемін 11 есеге өсірді. Бұл 1,2 триллион теңгені құрайды. Өнеркәсіп өнімдері он есе ұлғайды. Тек үстіміздегі жылы ғана 350 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өңірімізде жаңа заманғы жоғары технологиялық зауыттар мен
фабрикалар салынуда. Өнімнің жаңа түрлерін өндіруді қолға алудамыз.
Облыстың индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру кезеңінде 174 миллиард теңгені құрайтын 70 жоба жүзеге асырылды. Өңірде металлургия саласы да қарқынды дамуда. Мәселен, өткен жылы 20 тонна алтын өндірілді. Бұл республикадағы жалпы өнімнің 35 пайызы. Машина жасау саласы да дамуда. Айталық, Степногорск подшипник зауытында екі мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын «Тимкен» американдық кәсіпорынмен бірлесе отырып өнімнің жаңа түрлерін өндіруде. Ауыл шаруашылығы, машина жасау саласы да даму үстінде. «Вектор» астық жинайтын комбайндары жинастырылуда. Химия өнеркәсібі саласында «Семізбай -U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрақты жұмыс істеп келеді. Жобалық қуаты жылына 180 мың тоннаны құрайтын «Казатомпром» күкірт қышқылы зауыты жұмыс істей бастағаннан бері шетелдік өнімге иек артудан құтылдық. «Астана Нан Кемикалз» серіктестігінің базасында агрохимиялық кластер жолға қойылған. Жергілікті жерде өндірілген гербицидтер Ресей, Украина, Белоруссия және Орта Азияның бірқатар елдеріне өткізілуде.     
Құрылыс саласындағы қажеттілікті «Енки» кірпіш зауыты мен Степногорск «Арыстан» тұрба зауыты өз өнімдерімен жүз пайыз өтеп тұр. 2014 жылы «Регион Строй» үй құрылысы комбинаты іске қосылып, елу мың шаршы метр темірбетон өнімдерін шығарды. Қуаты жылына екі миллион тоннаны құрайтын ірі цемент зауытының құрылысы аяқталып келеді.
Шағын және орта бизнес тұрақты даму үстінде. Соңғы он жыл көлемінде осы саладағы жұмыс істейтін адамдардың саны 136 мыңға жетіп, көрсеткіш 32 пайызға өсті. Облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде. Соңғы 25 жыл ішінде облыста 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жиырма мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары 530 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Осы жылдар ішінде облыста жалпы білім беретін 44 жаңа мектеп салынды. Денсаулық сақтау саласында соңғы он бес жылдың ішінде 34 жаңа нысан пайдалануға берілді. Саладағы серпінді  жұмыстың арқасында ақмолалықтардың өмір сүру ұзақтығы 6,5 жылға ұлғайып, орташа өмір сүру деңгейі 71 жасқа жетті. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі шағын және орта бизнестің қарқынды дамуының арқасында соңғы он бес жылда облыста жаңадан екі жүз мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық 11 пайыздан 4,9 пайызға қысқарды.
Осылайша өткен жиырма бес жыл ішінде облыс экономикасының барлық саласы жоғары қарқынмен дамығанына тоқталған Сергей Кулагин
оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы да барына екпін жасай келе, бұл нәтижеге өңдеуші кәсіпорындардың еңбеккерлері, ғалымдар, саланың ардагерлері зор үлес қосқанын атап өтті. – Бүгінгі күні барлық ақмолалықтардың атынан сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ерлік шежіресіне енетін еңбектеріңізге алғыс айтқым келеді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен орайлас келіп отырған ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын. Баршаңызға тәуелсіз еліміздің тұғырын бекітетін ұлы еңбектің жорығында табыс тілеймін. Отбастарыңыз аман болсын. Бақыт пен бірлігіміз арта берсін, – деді облыс әкімі өз сөзінің соңында.
Бұдан соң сала озаттарын марапаттау рәсімі болып өтіп, оның барысында залда отырған Социалистік Еңбек Ерлері, басқа да танымал еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Жиналғандарды әсіресе, осы жолы бірқатар ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттарына сыйлыққа жеңіл автокөліктердің берілгендігі ерекше тебірентті. Салтанатты жиналыс мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласып, тұңғыш рет көпшілік назарына жергілікті композитор Құмарбек Қалқатаевтың «Кәмшат апам» әні ұсынылды. Ән жылы қабылданғаннан кейін бейнеэкраннан даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, қостанайлық Кәмшат Дөненбаеваның ақмолалық ауыл еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтауы ешкім күтпеген тосын сый болды. Осылайша алдымыздағы айшықты мерекелер қарсаңында өткен бұл салтанатты шара оған қатысушыларға үлкен көңіл-күй сыйлап, қарапайым еңбектің бағалануымен көңіл біткенді көтеріп тастады.

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА,
Байқал БАЙӘДІЛОВ,
Рамазан ТІЛЕУОВ,
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажары».  

Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ. 

 

 

Сыйлыққа – жеңіл автокөлік

 

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жоғары көрсеткіштері  үшін мына еңбек озаттары жеңіл автокөлікке ие болды:
Самат Қоздыбайұлы БЕКЖАНОВ – Жақсы ауданының «Шұңқыркөл» серіктестігінің комбайншысы. Биылғы егін орағында 6590 тонна астық бастырды.
Владимир Юрьевич ДЕХТЕРЕВ – Есіл ауданының «Орловка» серіктестігінің механизаторы. Көктемгі егісте  5 мың гектар алқапқа тұқым сеуіп, егін орағында 1090 гектар алқаптың астығын дестеге салды.
Қуандық РАҚЫМЖАНОВ – Целиноград ауданының «Ен дала» серіктестігінің жүргізушісі. Биылғы егін орағында 4200 тонна астық тасымалдады.  
Қайыргелді Нығметұлы ЕРБАЛИН – Атбасар ауданының  «Бастау» серіктестігінің бас агрономы. Шаруашылық дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 17 центнерден өнім алып, барлығы 37,4 мың тонна астық жинады.
Темірболат Мұратұлы АНДАРОВ – Бұланды ауданының «Журавлевка-1» серіктестігінің бас зоотехнигі. Шаруашылықта еттік бағыттағы әр ірі қара орташа есеппен тәулігіне 1050 грамм салмақ қосты.
Амангелді Зейноллаұлы ОРАЗБАЕВ – Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС бас инженері. Еңбек өтілі 45 жыл. Серіктестікте 64 ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Ауыл шаруашылығы салалары бойынша облыс әкімінің Құрмет грамотасына және бағалы сыйлыққа ие болған аудандар:
Жарқайың ауданы – 591,1 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан 709,4 мың тонна астық жиналды.
Бурабай ауданы – ауданда 30,2 мың ірі қара, соның ішінде 13,8 мың сауын сиыр бар. Басқа түлік түрлері бо-йынша да мал санының өскендігі байқалады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары асыра орындалған.    
Целиноград ауданы – 6,5 миллиард теңгенің ет және сүт өнімдері өңделіп, өсім 154 пайызды құраған.
* * *
Салтанатты жиналыста бірқатар шаруашылықтар мен өңдеу кәсіпорындары облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай құрмет өз мамандықтары бойынша үздіктерге, серіктестіктер мен шаруашылықтардың бірқатар басшыларына көрсетілді. 6 адам «Еңбек ардагері» медалі, Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы, «Ауыл шаруашылығы үздігі», «Еңбек даңқы» төсбелгілеріне ие болды.
Бұған қоса, 304 ауыл шаруашылығы ардагері мен қызметкеріне осындай түрлі марапаттар аудан, қала активтерінде тапсырылатын болды.    

 

 

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жоғары көрсеткіштері  үшін мына еңбек озаттары жеңіл автокөлікке ие болды:
Самат Қоздыбайұлы БЕКЖАНОВ – Жақсы ауданының «Шұңқыркөл» серіктестігінің комбайншысы. Биылғы егін орағында 6590 тонна астық бастырды.
Владимир Юрьевич ДЕХТЕРЕВ – Есіл ауданының «Орловка» серіктестігінің механизаторы. Көктемгі егісте  5 мың гектар алқапқа тұқым сеуіп, егін орағында 1090 гектар алқаптың астығын дестеге салды.
Қуандық РАҚЫМЖАНОВ – Целиноград ауданының «Ен дала» серіктестігінің жүргізушісі. Биылғы егін орағында 4200 тонна астық тасымалдады.  
Қайыргелді Нығметұлы ЕРБАЛИН – Атбасар ауданының  «Бастау» серіктестігінің бас агрономы. Шаруашылық дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 17 центнерден өнім алып, барлығы 37,4 мың тонна астық жинады.
Темірболат Мұратұлы АНДАРОВ – Бұланды ауданының «Журавлевка-1» серіктестігінің бас зоотехнигі. Шаруашылықта еттік бағыттағы әр ірі қара орташа есеппен тәулігіне 1050 грамм салмақ қосты.
Амангелді Зейноллаұлы ОРАЗБАЕВ – Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС бас инженері. Еңбек өтілі 45 жыл. Серіктестікте 64 ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Ауыл шаруашылығы салалары бойынша облыс әкімінің Құрмет грамотасына және бағалы сыйлыққа ие болған аудандар:
Жарқайың ауданы – 591,1 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан 709,4 мың тонна астық жиналды.
Бурабай ауданы – ауданда 30,2 мың ірі қара, соның ішінде 13,8 мың сауын сиыр бар. Басқа түлік түрлері бо-йынша да мал санының өскендігі байқалады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары асыра орындалған.    
Целиноград ауданы – 6,5 миллиард теңгенің ет және сүт өнімдері өңделіп, өсім 154 пайызды құраған.
* * *
Салтанатты жиналыста бірқатар шаруашылықтар мен өңдеу кәсіпорындары облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай құрмет өз мамандықтары бойынша үздіктерге, серіктестіктер мен шаруашылықтардың бірқатар басшыларына көрсетілді. 6 адам «Еңбек ардагері» медалі, Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы, «Ауыл шаруашылығы үздігі», «Еңбек даңқы» төсбелгілеріне ие болды.
Бұған қоса, 304 ауыл шаруашылығы ардагері мен қызметкеріне осындай түрлі марапаттар аудан, қала активтерінде тапсырылатын болды.    

 

 

Самат БЕКЖАНОВ.
«Шұңқыркөл» ЖШС комбайншысы, Жақсы ауданы:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ел экономикасы өркендеп келеді. Елді мекендердегі мектептер мен мәдениет ошақтарының жұмысы жанданып, көптеген шаруашылықтарда еңбек адамдарының алаңсыз жұмыс істеулеріне жағдай жасалған. Биыл егін орағы да ұйымшылдықпен өткізіліп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қысқы мал азығын әзірлеу жоспары асыра орындалды. Бір сөзбен айтқанда, диқандар қауымының еңбегі жанды.
Өз басым бүгін міне, адал еңбегімнің арқасында үлкен абыройға бөленіп жатырмын. Бүгінгі мінгізіліп отырған жеңіл көлік мен үшін үлкен мәртебе, адал еңбегімнің бағасы деп білемін. Менің 6500 тоннадан астам астық бастыруым әрине, қазір ауыл шаруашылығына келіп жатқан жаңа техниканың арқасы. Солай бола тұра, бұған еселі еңбек те керек. Ақық дән өсіру бағзы заманнан бері ең мәртебелі мамандық болып саналады. Кешегі кеңес заманында еңбек адамдарына деген құрмет те ерекше болатын. Әсіресе, диқандар мен малшылар арасынан суырылып шыққан озаттардың есімдері елге кеңінен танылып, насихатталып, халықтың да, биліктің де ықыласы солардың үстінде болғанына көбіміз куәгерміз. Бүгінгі күні салтанатты жиналыста сол үрдіс жанданып, ауыл еңбеккерлерінің мерейі үстем болып отырғанына қуаныштымын.

 

 

Күмісжан ЕСЛӘМОВА,
 «Есіл Агро» ЖШС-інің бұзау бағушысы, Бурабай ауданы:
– Астаналық облыс үшін биылғы жыл өте табысты болды. Бірнеше  салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, республика бойынша көш бастап келеміз. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер қомақты. Бұған әрине, ауыл еңбеккерлерінің қосып отырған үлесі ұшан-теңіз.
Осының бәрі ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының тізе қосып, бірігіп атқарған нәтижелі жұмыстарының арқасында жүзеге асып жатыр десем қателеспеймін. Бүгінгі салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айтулы үлестерін қосқан бірқатар шаруа қожалықтарының бригадир, комбайншы, сауыншы, агроном және мал дәрігері сияқты мамандарына құрмет көрсетіп, марапаттау өте бір құптарлық оқиға болып отыр. Осындай шаралардың нәтижесінде ауыл еңбеккерлерінің көзге көрінбейтін тынымсыз еңбегі еленіп, беделі арта түсетіні анық. Осы орайда, облыс әкімі Сергей Кулагинге айтар алғысым шексіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар