Ашық сабақ белсенділікке ұласты

Облыстық ішкі істер департаментінде өткен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық»  атты ашық сабақ мемлекеттік тілдің беделін одан әрі көтеруге  арналды.

Орыс мектебінде оқып, жоғары оқу орындарын да орыс тілінде бітірген полиция қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді білмейтіндер аз емес. Сол себепті, құқық қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты жүргізіліп келеді. Департамент оқу-әдістемелік орталығымен шартқа отырып, полиция қызметкерлері аптасына екі сағат мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысады.
Ашық сабақта полиция қызметкерлері мемлекеттік тілде ел  тарихы мен салт-дәстүрі, белгілі тұлғалар жайлы білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, полицейлер «Әуенді таңда» ойыны арқылы қазақ әндерінің сөзі мен әуенін кім жазғанын анықтап, өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.  Оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Динар Жангелдинова құқық қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне көңілі толатынын ризашылықпен атап өтті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар