Балалар тағдыры баршаға ортақ

Облысымызда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акция басталды.

Бұл жөнінде  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте хабарлады.
Жасөспірім балаларға жасалынатын кез-келген зорлық-зомбылық  түрлеріне төзбеушілік, мұндай келеңсіздікке жол бермеу мақсатында қолға алынып отырған аталмыш акция облысымыздың барлық өңірлерін қамтитын болады. Бұған білім саласының қызметкерлері белсене атсалыспақ. Осы мақсатта жергілікті жерлерде ата-аналармен кездесулер өткізіп, олардың назарын бала тәрбиесіне аудармақ.
Сондай-ақ, кинотеатрларда балаларға зомбылық тақырыбындағы фильмдер көрсетіліп, психологиялық кеңестер беру, көмектер көрсетуге арналған ашық есік күндері өткізілмек. Бұдан әрі  полиция полковнигі Руслан Мұсаев облысымызда орын алып жатқан балаларға зомбылық жасау жайлары туралы әңгімеледі. Үстіміздегі жылы осындай 11 оқиға орын алыпты. Бала еліміздің болашағы екенін ескерсек, оның жанына жара салатын мұндай келеңсіз жайларға орын берілмеуі тиіс.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар