Пікір алмасудың ашық алаңы

Азаматтық форум үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері мен Үкімет өкілдерінің кездесіп, өзара пікірлесіп, сауалдарын жолдап, соған жауап алған ашық алаң болды деп айтуға болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қоғамның рөлін арттыру Ұлт жоспарында көрсетілген мақсаттардың бірі деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда, ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары қорытындыланып, ең маңызды қол жеткен жетістіктеріміз азаматтық қоғаммен байланысты екендігі кеңінен айтылды. Біз тәуелсіз елмен бірге өстік. Тәжірибе жинадық, кейде кем-кетіктер де орын алып жатты.
Форумға өзінің белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерді шешуде мақсат қойып, нақты жұмыс істеп жатқан, Ұлт жоспарының белгілі қадамдарын орындау-да белсенділік танытып жүрген ұйымдар қатысты. Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде КСРО-ның «Қазақ ССР қоғамдық бірлестіктері туралы» 1991 жылғы Заңы қойылыпты. Шынымен де, осы құжат негізінде еліміздегі ең алғашқы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктері құрылған болатын. Үкіметтік емес ұйымдардың одан кейінгі маңызды құжаттарының бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестіктер туралы» Жарлығы еді.  Ол да көрмеде орын алған. Сонымен қатар, еліміздің басқа да маңызды құжаттарын көріп, мемлекетімізде қаншама істер атқарылып, міндеттер орындалғанына тағы бір мәрте көз жүгірткендей болдық.
Үш жылда бір рет өткізілетін іс-шарада қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың байланысы, өзара қарым-қатынастары, үлес салмақтары айтыла келе, алдымызға тағы да жаңа міндеттер белгілеп алдық. Бірлігі жарасқан елімізде әлі де атқарылар іс те, міндет те көп.

Дәмелі ҚОЙШИНА,
Ақмола облысының іскер әйелдер
қауымдастығының төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар