Елу жыл қалам тербеген

Таяуда облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі қаламгер Сайлау Көшкеннің шығармашылығына елу жыл толуына орай кеш өткізілді.

 

Кешті «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының жетекшісі, қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев ашып жүргізіп отырды. Алдымен жазушы-журналистің жарты ғасыр көз майын тауысып жазған дүниелерін қамтыған бейнебаян көрсетілді. Кешке жиналғандар кітаптары мен мерзімдік басылымдардағы шығармалары топтастырылған көрмені көріп, еңбегімен танысты. Журналистика саласындағы еңбегін Зеренді аудандық газетінен бастаған журналистің қалам қайраты бұрынғы «Көкшетау правдасы» газетінде танылған. Сан қилы газет жанрларымен бірге әдебиет әлеміне дендей енген Сайлау ағаның сүйікті тақырыбы – сатира. Осы салада сөз сабақтағанда қалам ұстаған қауым сирек қалам тартатын тақырыпты ашу, кейбір замандастардың келеңсіз бейнесін кескіндеу, қоғамдағы кеселді дөп басып тауып айту жақсы көрініс табады. Әр жылдары жазған әзіл әңгімелері, бірқақпайлары, фельетондары топтастырылып, әлденеше мәрте жеке жинақ болып та шықты.
Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облысы филиалының басшысы, белгілі жазушы Төлеген Қажыбай, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, жерлесі, ел ағасы Сансызбай Алпысбаев және басқалары шығармашылық иесінің қалам қуатын ғана емес, адамгершілік қасиеттеріне де тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
      Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар