Отбасы шырайы өз қолымызда

Акцияның «Азаматтық қоғам» күні елімізде Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы  бастау алып, осы салада жұмыс істейтін облыстың құзырлы органдары өкілдерімен тренинг өткізілді.

 

Шараны «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Морозова жүргізді.  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңда отбасындағы орын алып жататын жанжалдарға орай, зомбылық әрекеттерінің алдын алу және осындай әрекетке барғандарды жазалау жайы жан-жақты қарастырылған. Десек те, құқық қорғаушылар тарапынан сол заң талаптарын орындау жайы көңілдегідей болмай жатады. Сонымен бірге, күйеулерінен зомбылық көрген әйелдер тарапынан «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» дегендей, құқық қорғау органдарына шағымданбай жүре беретін жайлар да ұшырасады. Оның ақыры шиеленісе келіп, бақытсыз жайларға ұрындыруы мүмкін. Осы және басқа да мәселелер жа-йында айтқан «Феминистік лига» қоғамдық ұйымының төрайымы бұндай келеңсіздіктің алдын алу және заң шеңберінде теріс әрекеттерге тиым салу жөнінде баяндады.
Полиция  майоры Азамат Метаевтың айтуынша,  1998 жылы  ТМД елдері арасында біздің елімізде бірінші болып әйелдер құқығын қоғаумен айналысатын арнайы полиция бөлімшесі құрылып, жұмыс істей бастаған. Ал,  жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны  Гүлнәр Кеңіспаева үстіміздегі жылдың он айында   Көкшетау  қаласында  823  әйелдің құқығына қарсы іс-әрекеттер тіркелгендігін және зәбір көрушілердің дені  20-45 жас аралығындағы қыз-келіншектер екендігін айтып, бұл саладағы қылмыстың алдын алу шараларына жете көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар