«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы-бухгалтер, санаты – Е-R-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Бөлімнің бюджеттік өтінімдерін, орта мерзімдік даму жоспарын жинақтау және қалыптастыру, жоспарлау. Кешенді жоспарды жасау. Бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті және есеп берулерді жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу. Негізгі құралдарға түгендеу өткізу, мекеменің материалдық құндылығын сақталу есебі және бақылау. Бұйрық жобаларын дайындау және оны тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Экономика және бизнес салалары  бойынша жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, санаты – Е-R-1, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасау. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері қызметтерінің тиімділігіне бағалау өткізу. Қалалық жолаушылар автокөлігі, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары жүйелерін дамыту және құру жөніндегі  жұмыстарды үйлестіру. Ауданда жергілікті маңыздағы жолдарды, көпірлер мен жол өтпелерін, өту жолдарын, ауқымды, аяқ жолдарды және басқа да қолдан жасалған ғимараттардың құрылысына, қайта құрылуына, тікелей жол құрылысына, қайта құруға, орташа және күрделі жөндеуге байланысты, қолданыстағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  жағдайына бақылау жүргізу.  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрғандар тұлғалар тізімдерін жасау. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен өңірлік бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Ауданда абаттандыру және көгалдандыру бойынша келешектегі және ағымдағы жоспарларды әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (транспорт немесе транспорттық техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электроэнергетика немесе  транспорттық құрылыс немесе технологиялық машиналар және құрылғылар) немесе қызмет көрсету (тасымалдауды ұйымдастыру немесе транспорт қозғалысы және пайдаланылуы) немесе экономика және бизнес  салаларындағы жоғары білім, мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек өтілі болған жағдайда немесе мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл еңбек өтілі болған немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе  ғылыми дәрежесінің болуы, немесе мемлекеттік органдардың басшылық немесе басқа да лауазымдарында кемінде бір жыл еңбек өтілі болған немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік  бағыттарына сәйкес салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде кемінде бір жыл басшылық лауазымда болған жағдайда жіберіледі.
3. «Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, санаты Е-R-4, 1-бірлік.   
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Ауданның ішкі саясатының негізгі шаралары мәселелерін үйлестіру. Мүдделік мемлекеттік органдармен қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен, саяси партиялармен, діни конфессиялармен өзара әрекет ету.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды,  республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылуды ұйымдастыру, құжаттандыру және ісқағаздарын жүргізу, мемлекеттік мерекелерді өткізу. Әйелдер және отбасылық-демографиялық  саясат істері комиссиясымен, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеспен, Аршалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жұмыстарын жүргізу.  Ауданда болатын қоғамдық-саяси процесстерді зерделеу, талдап қорыту және талдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім беру немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар (философия немесе халықаралық қатынастар немесе тарих немесе  мәдениеттану немесе филология немесе дінтану) немесе әлеуметтік ғылымдар (политология немесе журналистика немесе аймақтану  немесе  қоғаммен байланыс) салалары бойынша жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
4. «Аршалы кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы-бухгалтер, санаты E-G-3, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Аппараттың бюджеттік өтінімдерін, орта мерзімдік даму жоспарын жинақтау және қалыптастыру, жоспарлау. Кешенді жоспарды жасау. Бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті және есеп берулерді жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Экономика және бизнес салалары  бойынша жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
5. «Аршалы ауданының білім, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» ММ балалар құқығын қорғау жөніндегі бас маманы, санаты Е-R-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Мектептерде балалар құқығын қорғау, жасөспірімдерге қамқорлық және қамқоршылық көрсету, қамқорлық және қамқоршылық мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсетуге байланысты кешенді жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Балалардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім беру саласы бойынша жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
6. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), санаты E-4,  1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Конкурстарды, аттестацияларды, тәртіптік комиссияны, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі отырыстарын ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік марапаттармен марапатталуға ұсынылатын адамдарға материалдар дайындалуын, мемлекеттік марапаттардың сақталуы мен табысталуын, «ИНТЕГРО» ААЖ жүргізілуін қамтамасыз ету. Кенттік, ауылдық (селолық) округтері әкімдерін, басқа да жергілікті мемлекеттік басқару  органдарының лауазымды тұлғаларын қызметтен босатуға және тағайындауға келісім рәсімдерін ұйымдастыру.  Аудандағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қызметтерінің тиімділігін бағалау жөніндегі құжаттарына талдау жасау және сақтауды жүргізу.  Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе психология) салалары бойынша жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
7. «Аршалы ауданы Михайлов округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы-бухгалтер, санаты E-G-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жоспарлау, дамудың орташа жылдамдық жоспарын, аппарат бойынша бюджеттік өтінімді жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлік, салықтық және  статистикалық есеп пен қаржылық есептемені жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру. Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуын бақылау және есебін жүргізу. Негізгі құралдардың түгендеуін өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі және конкурстық комиссия құру» негізінде өткізіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) өтініш білдіруі керек.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады: белгіленген үлгідегі өтініш; белгіленген нысанға сәйкес үлгідегі 3х4 көлеміндегі фотосуретпен толтырылған сауалнама; нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі; нотариалды куәландырылған жұмыс істегендігін растайтын құжаттардың көшірмесі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен 2010 жылғы 23 қарашасындағы №907 бұйрығымен бекітілген нысандағы үлгідегі денсаулығы туралы анықтама (2010 жылғы 21 желтоқсандағы №6697 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген); Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі, құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден  өткені  туралы  сертификат конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс. Мекен-жайы: 020200, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов к., 47, 307 бөлме, электрондық пошта: arshaly_org83@mail.ru, анықтама үшін телефон: 8/71644/2-18-70,  факс:  8/71644/2-13-52.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Аршалы ауданы әкімі аппараты» ММ өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жерді жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
конкурс жариялайды

1. «Сандықтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), санаты «Е-R-4», 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 376 теңгеден 76 235  теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерді орындайды және бақылайды. Білім саласында мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды. Жалпыға білім беру қорының іске асырылуын бақылайды және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізінде оқушылардың білім сапасымен, олардың тәрбиесімен қамтамасыз етеді, білім дамуы бойынша негізгі көрсеткіштердің тексерісін іске асырады, мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша шаралар қолданады, балалардың әрі қарай оқуын және тәрбиесін  жүзеге асыру  мақсатында жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын тексереді. Оқудың негізгі жоспарын орындаудың бақылауын іске асырады, жалпыға білім беру қорын ұйымдастыру бойынша есепті орындайды. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім салаларындағы жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына   сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
2. «Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты «Е-R-4», 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 376 теңгеден 76 235  теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз етеді, қолданыстағы нормативтік құжаттар мен нұсқаулықтарға сәйкес қазынашылық органдары арқылы өткізілетін бухгалтерлік есеп пен операциялық есептерді жүргізеді. Шығындар сметасын орындау және бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен жұмыс істейді. Қаржылық жылға арналған бюджеттік өтінішті құрастыруға қатысады. Бағыныстағы мекемелерден келіп түсетін еңбекақы бойынша, дебиторлық және кредиторлық берешек есептерін талдайды.  Шығын сметаларын жоспарлайды және құрастырады. Еңбекақыны есептейді. Бөлім бюджетінің орындалуын жүйелі түрде талдау статистикалық есептерін дайындайды. Қаржылық операциялардың дер кезінде жүргізілуіне жауап береді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес салаларындағы жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтте кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына   сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
3. Сандықтау ауданы «Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты «Е-G-3», 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813 теңгеден 72 391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады. Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асырады. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесіне талдау жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен кепілдемелер дайындайды. Мемлекеттік тілді тиісті қолдануға, іс жүргізу ережелерін сақтауға, мемлекеттік орган жұмысының стилін және әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асырады. Жиналыстар мен басқа да ауылдық округ әкімімен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру, техникалық дайындау және ақпараттық қамтамасыз етеді. Ауылдық округтың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өзінің құзырына қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс-тану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе  ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе ветеринария салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда аталған мамандық бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
4. Сандықтау ауданы «Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты «Е-G-3», 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813 теңгеден 72 391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Атқарылатын операциялардың заңдылығы мен құжаттардың өз уақытында және дұрыс ресімделуіне алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Барлық атқарылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шотында кескінделуін жүзеге асырады. Тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сома шегінде  міндеттемелердің қабылдануын бақылауды жүзеге асырады. Төлемдер бойынша белгіленген өзгерістер тәртібімен енгізілуі есебімен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес  қаржының дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуына, сондай-ақ, ақшалай қаржының және материалдық құндылықтың сақталуына бақылау жасайды. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық қызметкерлерге жалақыны  мерзімінде есептейді және төлейді. Қаржылық, статистикалық және салық есептілігін белгіленген мерзімінде құрайды және ұсынады. Қаржыландыру жоспары мен оның есептерін ауылдық округтің әкімімен құрайды және келіседі.  Мемлекеттік сатып алу,  оның ішінде электронды  мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастыру және жүргізу процедураларын жүзеге асырады.  Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тиісті қаржы жылына жылдық жоспарын алдағы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырып әзірлейді, анықтайды және бекітеді. Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-МС есебін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде  тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту көлемдері туралы есеп құрайды. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда аталған мамандық бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013  жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар жіберіледі. Бақылаушы ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органның персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне жүгіну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі  құжаттарды тапсырады: белгіленген нысанда бойынша өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен толтырылған сауалнама, бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тіркелген) нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиісті.
Мекен-жайы: 021400, Ақмола облысы, Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, анықтама алу үшін  телефон: 8(71640)9-14-41, факс: 8(71640)9-14-41, электрондық пошта: personal_sand@mail.ru
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге жету және кейін қайту, түнеу және т.б) азаматтар өз есебінен жүргізеді.

 «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға  конкурс жариялайды

1. «Макинск қаласы әкімінің аппараты» ММ  бас маманы, санаты ЕG-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай  53813 теңгеден   72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке қосалқы шаруашылығының  бар-жоқтығы жөнінде анықтама беру. Қаладағы көше саудасын қадағалау жөніндегі тұрақты комиссияға қатысу. Қазақстан Республикасының әскери  міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ,  мобилизациялық дайындық  және  мобилизациялау  сұрақтары бойынша  заңнаманың  орындалуын қамтамасыз етуді  ұйымдастыру  және қолдау. Аудан аумағында халықты, шаруашылық объектілері мен аумақты, апаттардан, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан қорғау саласындағы жұмысты жүзеге асыру.  Тұрғын үйлердің жылу маусымына  дайындығы  жөнінде  жұмысты ұйымдастыру және  паспорттарды қабылдау бойынша материалдарды  әзірлеу. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, суды қайтару және  ҚҚЗ   шығару сұрақтары  бойынша  коммуналдық мекемелермен  қарым- қатынаста болу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе қызмет көрсету салалары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта  білімі барларға рұқсат етіледі.
2. «Новобратск селосы әкімінің аппараты» ММ  жетекшi маманы, санаты ЕG-4 , 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай  48047 теңгеден   64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Салық есептеу және жинау жұмыстары. Паспорттық және әскери есепке алу жұмыстары, әскери есепті салыстырып тексеру. Мұрағатпен жұмыс. Өзі жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттар жүргізу. Елді мекендерді абаттандыруға байланысты тұрғындармен жұмыс. Нотариалдық  іс-әрекеттерді  орындау. Сайлаушылар тізімін  құру және  салыс-тырып тексеру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім немесе орта техникалық немесе кәсіптік білім.
3. «Вознесенка селосы  әкімінің аппараты» ММ  жетекші  маманы, санаты ЕG-4 , 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай  48047 теңгеден   64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Селолық округ әкімі аппаратының  жұмыс жоспарын, белгіленген мерзімдегі есеп берулерді әзірлеу, олардың орындалуын  бақылау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету  бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шаруашылық  есепті  жүргізу. Халықтың аз қамтылған санаттарын  әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс, әлеуметтік карталарды жүргізу. Кедейшілік деңгейі мен  жұмыссыздықты  төмендету жөніндегі  бағдарламаларды орындау бойынша жұмыс, мекен-жайлық  әлеуметтік көмек бойынша  ұйымдастырушылық жұмыс. Жоғары тұрған органдарға сараптау және есеп беру материалдарының  дайындығын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім немесе орта техникалық немесе кәсіптік білім.
4. «Амангелді селосы  әкімінің аппараты» ММ  жетекші  маманы, санаты ЕG-4 , 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай  48047 теңгеден   64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Селолық округ әкімі аппаратының  жұмыс жоспарын, белгіленген мерзімдегі есеп берулерді әзірлеу, олардың орындалуын  бақылау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету  бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шаруашылық  есепті  жүргізу. Халықтың аз қамтылған санаттарын  әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс, әлеуметтік карталарды жүргізу. Кедейшілік деңгейі мен  жұмыссыздықты  төмендету жөніндегі  бағдарламаларды орындау бойынша жұмыс, мекен-жайлық  әлеуметтік көмек бойынша  ұйымдастырушылық жұмыс. Жоғары тұрған органдарға сараптау және есеп беру материалдарының  дайындығын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім немесе орта техникалық немесе кәсіптік білім.     
5. «Караөзек ауылы әкімінің аппараты» ММ  бас   маманы, санаты ЕG-3 , 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай  53813 теңгеден   72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджет қаржысының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бөлімнің бухгалтерлік, қаржылық, салықтық, статистикалық есебін жүргізу. Еңбекақыны есептеу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Шығыстар сметасының орындалуы және байланысты ауданның экономика және қаржы бөлімімен жұмыс істеу. Қаржылық жылға бюджеттік өтінімді тұрғызуға қатысу. Тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстар мен қызметтерді сапалы және  уақытылы өткізілуін жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп беруді  уақытылы ұсыну, банктік  операцияларды  өткізу. Іс жүргізу тәртібінің  сақталуын бақылауды, аппарат қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру. Жоғары тұрған органдарға сараптау және есеп беру материалдарының  дайындығын қамтамасыз ету. Селолық округтегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есепке алу және аудит немесе қаржы) саласы бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта  білімі барларға рұқсат етіледі.
 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссия құру қағидасы» негізінде жүргізіледі. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін  қамтамасыз ету үшін оның  отырысына  байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі. Байқаушы  ретінде  тіркелу үшін мемлекеттік  органның персоналды басқару қызметіне  өтініш білдіру қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады: белгіленген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы  құжаттардың нотариалдық  куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың  нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда
№ 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; шекті мәннен төмен емес нәтижемен  тестілеуден өткені туралы (құжаттарды тапсыру сәтінде қолданыстағы) сертификат «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап  10 жұмыс күні ішінде 020500, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 мекен-жайына ұсынылуға тиісті, электрондық пошта: bulakimat@mail.ru, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 71646 -2-14-01.
Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас-
тап 5 жұмыс күні ішінде «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетін орынға бару және кері қайту,тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Басқарма қызметін пайдаланыңыздар
Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының Көкшетау қаласындағы №2 бөлімінде Ақмола облысы бойынша табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тұтынушылар құқын қорғау департаментімен бірлесе отырып өткізген семинарда осынау өкілетті органдардың тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары анықталды. Бұдан былай облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы: «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру» және «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру», сондай-ақ, «II, III және IV санатты объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» сияқты мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асыратын болады.

ГУ «Управление строительства г.Кокшетау» направляет на государственную экологическую экспертизу в ГУ «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области» рабочий проект «Разработка ПСД на строительство профильной школы на 800 мест в г.Кокшетау Акмолинской области» с разделом ОВОС. Тел.: 40-28-07.

Beeline жас көшбасшыларға жәрдем береді!

Beeline Қазақстан AIESEC халықаралық студенттер ұйымы ұйымдастырған «Leadership Development Day» жастар конференциясына кезекті рет қолдау көрсетті. Конференция KIMEP университетінде өтті.
Конференцияға және оның аясында өткен шеберлік-кластары мен тренингтерге 1000-нан астам алматылық студент қатысып, тыңдады.
–Біз дамуға, жаңа білім мен тәжірибелік дағдыны игеруге ұмтылатын жастарымызға кез-келген уақытта қуана қолдау көрсетеміз. Әдеттегідей  AIESEC жобасының спикерлері болып, өз тәжірибесімен және дұрыс мақсатты қалыптастырудың және осы мақсатқа жетудің сәтті жолдарымен студенттерге шабыт беретін Beeline Қазақстан компаниясының топ-менеджерлері мен сарапшылары тағайындалады. Өткен «LDD» конференциясында біз, сәтті команданы қалай құру керектігі туралы, сондай-ақ, әрбір студент Step4Pro машықтану бағдарламасына қатыса отырып, Beeline Қазақстан командасының мүшесі бола алатыны туралы айтқанбыз, дейді Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко.
–Көшбасшылықты Дамыту Күні («Leadership Development Day») – бұл жыл сайын белсенді жастар мен Қазақстанның жетекші компаниялары өкілдерінің басын қосатын алаң. Іс-шара – жастарға жаңа білім алу мен өз сауалдарына тәжірибелі кәсіпкерлерден жауап алуда тамаша мүмкіндік сыйлайды. Жобаларымызға тұрақты көмек пен қолдау көрсеткені үшін Beeline Қазақстан компаниясына зор алғысымызды білдіреміз, – деді өз сөзінде AIESEC-Қазақстанның Сыртқы байланыс және қоғаммен байланыс директоры Жадыра Секрекова.
Beeline бес жылдан артық уақыт бойы Қазақстандағы AIESEC жобаларына қаржылық және ұйымдық қолдау көрсетіп келеді. 2014 жылы AIESEC Beeline-ның қатысуымен Алматы қаласында «Youth to Business Forum» форумын және Астана қаласында ««Leadership Development Day» конференциясын өткізді. Бұл іс-шаралар жастар мен бизнестің арасындағы екі жақты диалогқа арналған алаң ретінде ұйымдастырылды. Негізгі тақырыптар – инновация, кәсіпкерлік және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік болды.
AIESEC ұйымы туралы.
AIESEC — бұл ЖОО студенттері мен түлектерін біріктіретін қоғамдық бейкоммерциялық халықаралық жастар ұйымы. Әлемнің 124 еліндегі миллионнан астам жастардың басын қосып, 2400-ден астам университетпен жұмыс істейді және 780 жергілікті кеңсесі бар. 2008 жылы тамыз айында Қазақстан толыққанды AIESEC ел мәртебесін алды.

Считать недействительными правоустанавливающие документы на земельные участки, зарегистрированные за ТОО «Целина-Инвест» г.Кокшетау, БИН 040340017894.э

Ақмола облысының әкімдігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобалары Ақмола облысы әкімінің e.akmo.kz  сайтында  орналастырылғанын хабарлайды. Стандарттар жобаларын жария талқылауға  қатысуыңызды сұраймыз.

Акимат Акмолинской области сообщает, что  в соответствии с пунктом 2 статьи 15 Закона РК «О государственных услугах» от 15.04.2013 г., на сайте акима Акмолинской области e.akmo.kz  размещены проекты стандартов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства. Просим принять участие в публичном обсуждении проектов стандартов. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар