Мектептегі мүмкіндік

Атбасар қаласындағы №4 орта мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Психологиялық-педагогикалық көмек, рухани қолдау көрсету мақсатында ашылған кабинетте жеті жасқа дейінгі кембағал балалар тәрбиеленетін болады. Кабинет іші арнайы құрал-жабдықтармен және оқу материалдарымен толық жабдықталған. Ондағы 30-ға жуық жарымжан балаға логопед, дефектолог, психолог, емдік және дене шынықтыру мамандары педагогтармен бірге тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда ата-аналарға арналған психологиялық қолдау көрсету клубы да жұмыс істейтін болады.
– Бұл психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ашылуын біз ұзақ уақыт күткен едік. Менің балам – мүгедек. Біз осы уақытқа дейін үнемі медициналық мекемелерге барып, емделетін едік. Бірақ, бұл баланың толық дамуы үшін жеткіліксіз болатын. Осы кабинеттің ашылатынын естігенде қатты қуандым. Өйткені, мұнда балалар дене шынықтырумен ғана айналысып қоймай, білім де алады. Кабинетті ашқан адамдарға шын жүректен алғыс білдіремін, – дейді  жарымжан бүлдіршінді тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірі К.Ильгундинова.
 
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар