Біліктілікті арттыруға арналды

Облыстық ішкі саясат басқармасы өңірлік журналистер мен блогерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі тренингтер мен семинарлар өткізіп тұрады. Сондай семинардың бірін   «Life in bright colors» қоғамдық қоры ұйымдастырды. 

Өңір журналистерімен өткізілген шарада еліміздің танымал тележүргізушісі, «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Қанат Әуесбай кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Қанат Әуесбай – филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті және көптеген республикалық конкурстардың жеңімпазы. Ел арасында, медиа әлемінде «Әуесбайдың Қанаты» ретінде танылған медиатренер.
 Белгілі журналистің дәрістері қатысушылар үшін тартымды және қызықты болды. Журналистер мен блогерлердің ақпарат беру мүмкіндіктерін арттыру, ақпаратты оқылымды етудің тиімді тәсілдері, өзекті мәселелер бо-йынша журналистік зерттеулер жайында кеңінен әңгіме қозғалды. Бірінші  күнгі семинар-тренинг сананы ақпаратпен манипуляциялаудың Ноам Хомский теория-сы және «ақпараттық қоқыстарды» бейтараптандыру, дағдарысты жағдайды реттеу, жағымсыз ақпаратпен күрес тақырыбына арналса, келесі күні сторителлинг, яғни, ақпаратты оқылымды етудің тиімді тәсілдері мен онлайн коммуникациялар саласындағы заманауи трендтер туралы сөз өрбіді.
Қанат Әуесбай еліміздің интернет кеңістігіндегі кейбір мәселелерге шолу жасады. Жаңа медиадағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз жайлы ойларымен бөлісті.Тренинг барысында барлық қатысушылар топқа бөлініп, әртүрлі жарыстарға қатысты. Тренердің айтқан дәрісін тәжірибе жүзінде іске асыруға атсалысқан топтар өзара жаңа идеяларды алға тартты. Белсенді қатысушыларға Қанат Әуесбай өзінің кітап қорынан сыйлық тарту етті. Семинардың соңғы күні барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.  
Оның айтуынша, мұндай арнайы семинар-тренингтер келесі жылы да жалғасын таппақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар