Көмекке мұқтаж

Жақында Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіповтің жетекшілігімен «Менің отбасым» әлеуметтік бағдарламасын таныстыру мақсатында іс-шара болып өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Жасыратыны жоқ ондай отбасыларға тек білім бөлімі ғана емес басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып әрекет жасағанда оның нәтижелі болатынына назар аударды. Осыған орай, бұл игі істен денсаулық сақтау, мәдениет, құқық қорғау  органдары да сырт қалмауы тиіс.
Білім бөлімінің маманы Айнұр Мусина өткен жылы жеті адамның ата-аналық құқығынан айырылғандығын айтып, бұның ең алдымен, шаңырағы шайқалған отбасыларының балаларына ауыртпалық түсіретінін еске салды. Кейбір толық емес отбасылардың  жағдайлары да алаңдатарлық. Тіпті, бүгінде осындай көмекке мұқтаж толық емес отбасылар қатары көбейіп кетті. Осыған орай, қолға алынып отырған шара сондай отбасыларға көмектесуге ел назарын аудармақ.
Сондықтан, әрбір азамат қайырымдылық шарасынан сырт қалмай, қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын созғаны жөн. Шара соңында оған қатысушылар өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар