Баланың ажалы теледидардан болды

Есіл ауданында 2 жасар қыз баланың үстіне теледидар құлап, қайтыс болды.

Қайғылы жағдай өткен жексенбі күні аудан орталығы Есіл қаласында орын алды. Ойнап жүрген екі жасар қыз баланың үстіне теледидар құлаған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем қызметін шақыртып, сәбиді аудандық ауруханаға алып кеткен. Алайда, дәрігерлер бүлдіршіннің өміріне араша түсе алмады. Алған дене жарақатынан қыз бала аудандық орталық аурхананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды.
Қазіргі кезде баланың қазасына байланысты соттық-медициналық сараптама тағайындалған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар