Пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салық мөлшері өскен

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның журналистермен өткізген брифингінің барысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу және мемлекет меншігіне қайтарылып алынған жерлерді айналымға енгізу тұрғысындағы атқарылған жұмыстар сөз болды.
Басқарма басшысының айтуына қарағанда, облыс бойынша 2016 жылдың 1 қарашасындағы жылдық жер балансына сәйкес,  облыс аумағындағы жер 14,6 миллион гектарды құрады. Оның ішінде 10,7 миллион гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болса,  5,7 миллион гектары егістік, 4,5 миллион гектары жайылымдық алқап.
Жерді ұтымды пайдаланудың маңызды факторының бірі – ресурс ретінде жерді экономикалық айналымға тарту мәселесі болып табылады. Осы мақсатта облыста 2012-2014 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мақсатында 11178 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына түгендеу жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде 1110,3 мың гектар жер анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Оған қоса, жыл басынан бері мемлекет меншігіне қайтарылып алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу үшін жиырма екі байқау өткізілді. Нәтижесінде 167,9 мың гектарды құрайтын 295 жер телімі айналымға енгізілді.
Бүгінгі таңда Целиноград ауданының Қоянды ауылында жер телімін заңсыз басып алу оқиғасына тосқауыл қойылды. Бұған Қоянды ауылының бас жоспарына енгізілген өзгерістер оң әсер етті. Жерді заңсыз басып алудың 195 оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 182  жағдайда сауда-саттық туралы келісім-шарт жасалынды. Заңсыз тұрғызылған нысандар бұзылды.  Айта кету керек, жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін ұсыну тәртібіне 2015 жылы өзгерістер енгізілді. Тұрғын үй салу үшін қажетті жер телімдері су және электр желісімен қамтамасыз етілген аумақтардан ғана беріледі. Ал, бір орталықтандырылған су жүйесі жоқ елді мекендерде электр желісі болса, рұқсат берілуі мүмкін.
– Аталған жаңа норма халықтың қажетті жер теліміне қолын жеткізіп, кезекті азайтуға мүмкіндік береді, – дейді басқарма басшысы Алмагүл Қадыралина. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378 және 444 баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес пайдаланылмай жатқан жер үшін 10 есе көтеріңкі мөлшерінде салық салу көзделген. Осындай шаралардың арқасында биылғы жылы бюджет пайдасына 51,8 миллион теңге кіріс түскен.
Брифинг барысында екінші деңгейлі банктерде кепілдікте жатқан жерлерді қайтару, Астана маңындағы елді мекендерде жекеменшік үй тұрғызу үшін кезек арқылы жер алу мәселесі де көтерілді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар