Міндетті медициналық сақтандырудың тәртібі түсіндірілді

Облыс орталығындағы №1 орта мектепте білім ошақтары басшыларымен өткен жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына  қазақстандықтардың  жарна төлеуінің тәртібін   «Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің  Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Әлди Кенжебаева  түсіндіріп берді.

 

Келер жылы еліміз  медициналық қызмет көрсетудің жаңа сатысына көшпек. Ендігі кезекте ең әуелі сақтандыру қоры құрылады. Бұл қорға  жұмыс беруші әр адамның  еңбекақысының белгілі бір бөлігін аударып отыруы тиіс. Еңбекке жарамсыз болып, жұмыссыз қалғандарға жарна мемлекеттен бөлінеді.  Бұдан бөлек, 15 санат бойынша  жарна төлеуден босатылатындар қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер,  көпбалалы аналар,  оқушылар,  қылмыстық атқару жүйесі  мекемелерінде жазасын өтеушілер және  уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы қамаудағы  азаматтар, резидентура нысаны бойынша  білім алып жатқандар бар. Жекеменшік емханада емделу сол емхананың медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен арнайы келісімге отырған жағдайда ғана  сақтандыру қоры есебінен  төленеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар