«Әлихан жүрген жерлермен»

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық  әмбебап-ғылыми кітапханасында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай, «Ақжол» халықтық  демократиялық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әлихан жүрген жерлермен» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға қаланың  бірқатар оқу орындарының білім алушылары мен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақ географиялық қоғамы ұйымдастырған «Әлихан Бөкейханов ізімен» деген халықаралық  ғылыми-танымдық экспедициясы жөнінде жиналған көпшілікке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, «Алаш»  мәдениет және рухани даму институтының ғылыми қызметкері Қайырбек Кемеңгер айтып берді.  Экспедицияға қатысушылар Әлихан Бөкейхановтың  кіндік қаны тамған туған жерінен бастап, білім алған Омбы, Мәскеу, Санкт-Петербург  қалаларына сапар шегіп, тың деректер тапқан екен. Сол мәліметтерді
ғалым бейнебаян арқылы көрсетті.
«Хан баласында қазақтың хақы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – деп Әлихан Бөкейхановтың өзі айтқандай, халқына бар өмірін арнаған тұлғаның ісі жастарға мәңгі өшпес үлгі-өнеге.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар