Қолға алынған қос жоба

Ауданда жүзеге асырылып жатқан жаңа инвестициялық жобалар аз емес. Олардың бірі – келешекте өсімдік және рапс майын шығарғалы отырған май өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы болса, екіншісі «Blic terminal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі диірмен кешенінің құрылысы. Бұл кәсіпорын «BLIC» компаниясының құрамына кіреді.

Компания 2010 жылы құрылған. Құтыға құйылған өсімдік және рапс майын шығаратын май өнімдерін өңдеу зауытының жобасы Зеренді ауданының Гранитный кентіне жақын орналасқан. Жоба заманауи талаптарға және май өнімдерін өңдейтін кешеннің бидай сақтау үдерісіне де жауап бере алатын, сапасы жоғары құрылыс салу мақсатында жасалған. Кешен орналасқан жер ұзақ мерзімге, яғни, 49 жылға жалға алыныпты. Жер учаскесі бастапқыда бидай мен мұнай өнімдерін сақтайтын және май зауытын ашу үшін үлкен кешен салуға белгіленген болатын. Бұл жөнінде:
–Жоба 2014 жылы жүзеге асырыла бастады, міне, аяқталып қалуға да шақ қалды. Негізі сыртқы жұмыстар бітті, ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Аталған жоба аясында 900 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның қуаттылығы тәулігіне 120 тонна күнбағыс өсімдігінің тұқымын немесе 40-50 тонна май өңдейді. Қазіргі таңда құрылыстағы жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, екі ангардың құрылысы бітті. Біріншісі қойма болса, екіншісінде май өнімдерін өңдейтін кешеннің техникалық құрал-жабдықтары орналасады. Сонымен бірге, мұнда шаруашылық жайы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимарат та бар, – дейді серіктестік басшысы Ербол Жауаров.
Бүгінде кәсіпорында заманауи талаптарға сай келетін тұңғыш диірмен кешені бой тұрғызды. Тәулігіне 70 тонна ұн тартады. Диірмен кешенінде әрқайсысының қуаттылығы 6 мың тонна болатын төрт қойма орналасқан. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Кәсіпорында бүгінде Гранитный, Васильковка селоларының және Шағалалы стансасының тұрғындары, нақты айтқанда, әзірге 40-тан астам адам жұмыс істейді. Жоба нақты іске қосылғаннан кейін 120 орынға дейін жұмыс орны қалыптастырылады деп күтілуде. Олай болса, аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейі артып, бюджеттің кіріс бөлігі молая түседі. Жұмысшылардың еңбекақылары 70 мың теңгеден басталып, жұмыстың ауырлығына қарай қосылып отырады деп айтып өтті әңгіме барысында серіктестік басшысы.
Еңбек жолын сауда өкілі жұмысынан бастаған Ербол Жауаров  2003 жылы «Көкше-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сауда-саттық бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс істейді. 2005 жылы Алматы қаласындағы «Жетісу Мұнай» ЖШС-інің коммерциялық бөлім басшысы болып тағайындалады және сол жылы Алматыдағы «Блик Мұнай» ЖШС-ін басқарады. 2010 жылы Көкшетауда «Блик терминал»  жобасын қолға алып, оны жүзеге асыра бастайды. Қазіргі таңда, жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Енді іске кірісетін кәсіпорынның қадамы сәтті болып, аудан экономикасын нығайта түседі деп сенеміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар