Талапты жастар жүлделі болды

«Қоғамдық келісім» үйінде түрлі салалар бойынша  жақсы нәтижелерге қол жеткен жастар мен қоғамдық ұйымдардың белсенділеріне берілетін дәстүрлі  «Zhas_Akmola 2016»  жүлдесін тапсыру рәсімі өтті.

Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырып, өткізді. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жастардың еліміздің, оның ішінде біздің облысымыздың экономикасы мен әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуға қосып жатқан үлестерінің мол екендігін айтып, жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Шара барысында    «Жыл жаңалығы», «Жылдың  үздік жастар ұйымы», «Жылдың ең үздік шығармашылық тобы», «Ерлік пен қаһармандық», «Жыл студенті», «Жылдың ең үздік жобасы»  тәрізді аталымдар бойынша жақсы нәтижелерге жеткен белсенді жастарға Алғыс хаттар табыс етілді.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысының жастар саясатының дамуына  зор үлес қосқаны үшін қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Анаргүл Белгібаева,  облыстық филармонияның әншісі Алдияр Ерғали марапатталды. Сондай-ақ, «Ақмола пікір сайыс-
шылар одағы» жастар ұйымының төрағасы, бірнеше республикалық пікір сайыстардың жеңімпазы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті Бекжан Әнуарбек,  түрлі әскери жаттығуларда үздіктер қатарынан көрініп келген «Батыр» әскери спорттық клубы да Алғыс хатқа ие болды. «Ерлік пен батырлық» аталымы бойынша Ақтөбе қаласында лаңкестермен орын алған қақтығыста содырлардың қару-жарақ қоймасын басып алуына жол бермеуге атсалысқан жауынгер Денис Чернышев марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар