Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының астанасы Минскіде ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

Отырысқа Президенттер: Қазақстаннан – Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжаннан – И.Әлиев, Армениядан – С.Саргсян, Қырғызстаннан – А.Атамбаев, Молдовадан Н.Тимофти, Ресейден – В.Путин, Тәжікстаннан – Э.Рахмон, Түркіменстаннан – Г.Бердымұхамедов, Өзбекстаннан – И.Каримов, сондай-ақ,Украинаның Беларусь Республикасындағы Елшісі М.Ежель қатысты. Отырыс барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылына байланыс-ты негізгі жәйттар талқыланды. Сондай-ақ, өзара мүдделілік танытатын өзекті мәселелер мен ынтымақтастықты көпжақты форматта дамыту бағыттары жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті ТМД  2016 жылы 25 жылдығын атап өтетіндігіне тоқталып, алдағы қызметінің бағыттары анықталатын Достастықты дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу мәселесін талқылауды ұсынды және ТМД-ға төрағалық 2015 жылы Қазақстанға өтетінін, біздің еліміз белгіленген жоспарларды сабақтастық негізде жүзеге асыратынын айтты.
* * *

Елбасы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.

Қазақстан Президенті Астананың өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды.
И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті. Сондай-ақ, инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да әңгімелеп берді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар