Әкім құрметі көңілден шықты

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қала әкімі Тәуелсіздік күні еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі екендігін атап өтті. Егемендіктің ширек ғасырында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, білім саласының озық тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырылған шарада қала әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрдайым жастардың білімді маман болып қалыптасуына, олардың қоғамда лайықты орын алуларына барынша жағдай жасап отырғандығын баса айтты.      
– Баланың өміріне бағыт-бағдар беретін ұстаз әрқашан мектептің жүрегі болып келген. Өлшеулі өмірде өлшеусіз іс атқаратын олардың ерекше еңбегін бағалай білуіміз қажет. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие ісімен айналысатын балабақша қызметкерлерінің де бала тәрбиесінде өзіндік орны бар. Ұстаздар қауымы тек білім мен тәрбие ісін дамытып қана қоймай, қоғамдық өмірге де белсене араласып келеді. Жас мамандарға ардагер ұстаздар өнегелі жол сілтеп, ортаңғы буын екі арадағы алтын көпірге айналса, нұр үстіне нұр, – деп атап өтті қала басшысы Ермек Маржықпаев. Жиында қала әкімі Көкшетау қаласындағы орта мектеп директорларының тәрбие ісінің орынбасарларына, мектеп мұғалімдеріне, балабақша тәрбиешілеріне, ата-аналар комитеттерінің өкілдеріне Құрмет грамоталарымен қатар,  ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Салтанатты шара «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.     

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар