Қызмет сапасы мен жеделділігіне назар аударылуда

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетовтің төрағалығымен өткен аймақтық партиялық комиссияның мәжілісінде  мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жан-жақты әңгіме өзегіне айналды.

Жергілікті мәслихат сайлауында партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген бұл мәселе әрдайым назарда ұсталады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде озық технологияларды пайдалану әкімшілік кедергілерді азайтып, бұрынғы «бір терезе» принципінен «бір өтініш» қағидатына көшу, жедел, сапалы қызмет көрсетіп, оның қолжетімділігін арттыру мәселесіне «Нұр Отан» партия-сы әрдайым көңіл бөліп келеді.
Мәжілісте күн тәртібіне ұсынылған екі мәселе қаралды: ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру  және «жасырын қызметтерді» анықтау жайы. Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Жапарованың айтуынша, бүгінгі күні басқарма екі түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың бірі – оралман мәртебесін беру болса, екіншісі, шетелдік азаматтардың еңбекке орналасуына рұқсат беру мәселесі. Бұл қызметтер туралы басқарманың сайтында барлық мәліметтер орналастырылған және қызметтің мерзімі  анық көрсетілген. Мәселен, шетел азаматына жұмыс істеуге рұқсат беру 41 күнде, рұқсатын созу 3 күнде жасалады. Алдағы жылдың қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жаңа ережесіне сай, бұл мерзімдер 19  және 15 күн болып өзгертілген.
Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрмұхаммед Мақитов басқарма он түрлі қызмет көрсететінін, олардың жетеуін облыстық және аудандық деңгейдегі мекемелер көрсетсе, үшеуін ауыл округтері әкімдіктері көрсетеді. Қызмет көрсетуді оңтайландыру және оның жеделдігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды пайдалануға жете көңіл бөлінеді. Оның ішінде электронды қызмет көрсету айрықша орын алады. Жер телімін мақсатты пайдалануға рұқсат алу мерзімі 37 күннен 30 күнтізбелік күнге, суарылатын ауыл шаруашылығы жерін суарылмайтын жер теліміне ауыстыруға берілетін 95 күндік мерзім 30 күнге дейін шегерілген.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов жемқорлыққа жол бермеудің ең тиімді жолы көрсетілетін мемлекеттік  қызмет сапасын арттыру екендігін атап өтті. Осы орайда, қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етудің мәні зор. «Электронды әкімдік» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нұсқаға көшіру бұл бағытта жасалған игі қадам болып табылады.  

Дархан ҚАНАФИН,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  партиялық  бақылау  инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар