Жас ақындар тәуелсіздікті жырлады

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында тәуелсіздік тағылымдарын жыр тілімен өрген Көкшетау қаласындағы жас ақындардың мүшәйрасы болып өтті.

Ел егемендігін, халқымыздың сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігін татымды тақырыпқа айналдырған жас ақындар желтоқсанның ызғарын жыр жылуымен жалындатып, тыңдаған қауымның ризашылығына бөленді.
Қатысуға тілек білдірушілердің көптігіне қарағанда жастардың қасиетті сөз өнеріне деген ықыласын аңғаруға болады. Додаға он бес жас талапкер іріктеліп, қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Күләш Нысанбек ие болды. Екінші, үшінші орындарға Көкшетау қаласындағы техникалық  институттың курсанттары Әбілхайыр Қанат пен Елдана Мақсат лайық деп табылды. Байқауға қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар