Шыршаны кеспеңіз!

Жаңа жыл жақындаған сайын заңсыз шырша кесу оқиғалары орын алады. Бұл күндері облыста 5 мобильдік топ шыршаларды сақтау мен қорғау бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсуде. Бұл мақсатта негізгі жолдарда 48 бақылау бекеті және орман қызметкерлері тарапынан 116 мобильдік топ құрылып,  тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Күзет шаралары құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Жаңа жылдың алдында 1 түп жас шырша шығынының құны  15 айлық есептік көрсеткішті, яғни, 27780 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Қазақстан Республикасы Кодексінің тиісті  бабы бойынша заңсыз ағаш кескендерге 10-нан 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 18520 теңгеден 27780 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынады.  Ерекше қорғалатын аумақтардың жерінде заңсыз шырша кесілген жағдайда,  осыған кінәлілер 20-дан 25-ке дейін айлық есептік көрсеткіш, яғни, 37040-тан 46300 теңгеге дейін  айыппұл төлейтін болады. Сондықтан, баршаңызды жас шыршаны рұқсатсыз кеспеуге шақырамыз. 

Абзал ҚҰСАЙЫНОВ,
 Ақмола облыстық орман шаруашылығы
 және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар