2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы

2014 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.

–2015 жылы мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы болмақ. Елбасының Жарлығымен келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланып, оны лайықты ұйымдастыру және өткізу бойынша арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын, – деді жиынды ашқан мемлекеттік хатшы өз сөзінде.  – 2015 жылдың бас-ты міндеті Елбасының стратегиялық бағытына жалпы халық болып қолдау көрсетудің негізінде Қазақстанның полиэтникалық және поликонфессиялық халқының идеялық-саяси бірлігін қамтамасыз ету болмақшы.
Отырыс барысында 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу, Ассамблея жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі шаралардың ұлттық жоспарын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге дайындықтың барысы талқыланды.
Жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары И.Рогов, Қазақстан халқы
Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Е.Бабақұмаров баяндама жасады.
Мемлекеттік комиссия мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізудің тұжырымдамасын бекітті. Мемлекеттік комиссия Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы эмблемасының (логотип) және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдің эскизін де бекітті.
Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын және Жеңістің 70 жылдығын қоса алғанда 2015 жылы атқарылатын мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру мен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы одан арғы жұмысты ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар