Жоғалған полиция қызметкері табылды

Көкшетауда полиция қызметкерінің із-түзсіз жоғалып кетуіне байланысты хабар ғаламтор арқылы əп-сəтте елімізге түгел таралған еді.

Кешкілік жұмысынан шыққан полиция аға лейтенанты Дархан Еламановты онан кейін ешкім көрмеген. Осыған орай, ішкі істер органы оған іздеу жариялаған болатын.
О б л ы с т ы қ і ш к і і с т е р департаментінің баспасөз қызметінің мəлімдеуінше, полиция қызметкерін өлтірген күдікті қолға түскен. Қазір аға лейтенант Д.Еламановтың мүрдесі табылып, тергеу амалдары жүргізілуде.
1989 жылы туған 27 жастағы полиция офицерінің соңында отбасы қалды. Əзірге белгілісі, қылмыс жеке басына қатысты жеккөрушіліктен туған тəрізді. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу изоляторына қамалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар