Ауылда жаңа емдеу орны ашылды

Облыс әкімі Сергей Кулагин Астрахан ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысына назар аударды.

Ауданның Петровка селосында болғанында облыс әкімі алдымен, жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің жағдайымен танысты. Аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігері Елубай Құрмановтың айтуынша, жаңа медициналық мекеме осы заманғы барлық талаптарға толық сай және соңғы техника үлгілерімен жабдықталған. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 71,2 миллион теңге қаржы бөлінді. Тұрғындарға үш медициналық қызметкер арнайы көмек көрсетеді.
Ақмола облысының денсаулық сақтау саласы жедел қарқынмен дамып келеді. Тек 2016 жылы ғана 8 жаңа медициналық мекеме ашылды. Сіздердің баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Тұрғындар медпункт-ке тек ауру-сырқаудың алдын алу үшін ғана келетін болсын, – деді Сергей Кулагин село тұрғындарымен кездесуінде.
Одан әрі облыс әкімі селолық мәдениет үйін күрделі жөндеудің барысына көңіл бөлді. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»  бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 116,4 миллион теңге бөлінді, сондай-ақ, аудандық бюджеттен қосымша қаржыландыру 10,1 миллион теңгені құрады.
Облыс әкімі күрделі жөндеудің сапалы жүргізілуінің маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде бас мердігер ұйым барлық жұмыстар ойдағыдай атқарылғанын және құрылыстың 2017 жылдың 20 қаңтарында пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
Петровка орта мектебінде болған кезінде облыс әкімі былай деді:
–Балаларға білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Мектеп ескі болғандықтан бюджеттен оны күрделі жөндеуге 128 миллион теңге, ал, шатырын жөндеуге 27 миллион теңге қаржы бөлінді. Мектептегі оқуды тоқтатпау үшін жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталған соң бас-талады. Сөзінің соңында Сергей Кулагин педагогикалық ұжымды және оқушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға табыс пен бақыт тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар