Жеңімпаздың бірі – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Республикалық «Президент және Халық» қоғамдық-саяси газетінің «Уақыт таңдауы – Выбор времени» Агенттігімен бірлескен жобасы бойынша өткізілген жыл таңдаулыларын анықтайтын дәстүрлі байқауда техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров басқаратын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жеңімпаз деп танылып, «Жылдың үздік жоғары оқу орны» атағына ие болды. 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 50 жылдан астам білім беру жүйесінде алдыңғы қатарда келе жатқан Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының бірі.
Бүгінде университет республикадағы жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып үш деңгейлі оқыту жүйесін енгізіп отыр. ЖОО əлемдік білім беру ғылыми-ақпараттық жүйесімен тығыз кірігу стратегиясын жоспарлы түрде жүзеге асырып, қазіргі уақытта университет əлемнің түрлі аймақтарының елу озық ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан.
Университетте Темпус, Эразмус халықаралық жобалары іске асырылуда. Бүгінгі күні іске асырылып жатқан еуропалық жобалар саны бойынша Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстан жоғары оқу орындары арасында жетекші орындардың бірін иеленіп отыр.
2009-2016 жылдар аралығында оқу орны Темпус IV 6 жобасын жəне жоғары білім əлеуетін арттыруға бағытталған «Эразмус плюс КА2» 4 жобасын ұтып алды. Темпус 2012 бір I-WEB жобасы аясында «Су сапасы» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды.
Университет оқытушылары 300-ден астам патенттің авторлары болып табылады. ИСО халықаралық стандартына сəйкестігі туралы сертификатқа ие. Сондай-ақ, университет мемлекеттік аттестаттаудан, ұлттық институционалдық жəне мамандандырылған аккредиттеу-ден сәтті өтті. Бүгінгі күні бакалавриат пен магистратураның 60 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттеліп, алты білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеу-ден өтті.
Университет Ұлы Хартияға (Болондық декларацияға) алғашқылардың бірі болып қол қойды.
Халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстар да баршылық. «Болашақ» бағдарламасы бойынша университеттің 15 түлегі АҚШ жəне Ұлыбританияның беделді ЖОО-ның магистратурасында білім алуда, 30 студент академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік жəне қазақстандық оқу орындарында оқып, екі студент Германияда ауыл шаруашылығы тəжірибесінен өтті. Бұл оқытушылық құрамының шығармашылық ізденісі мен жоғары кәсіби шеберлігінің айғағы.
Білім ордасында 1998 жылдан бастап магистратура қалыпты жұмыс істеп келеді. 2000 жылдан бері оқу-əдістемелік жұмыс тиімділігін бағалаудың рейтингілік жүйесі енгізілген. 2003 жылдан кредиттік оқыту түрі жүзеге асырылса, 2004 жылдан бастап менеджмент жүйесі енгізілген. Қазіргі уақытта университет бакалавриат, магистратура жəне докторантурадан тұратын көп деңгейлі құрылым болып табылады.
Университеттің 23 кафедрасында 400-ден астам оқытушы еңбек етуде. Оның ішінде 21 ғылым докторы,16 профессор, 86 ғылым кандидаты, 42 доцент, 193 магистр, 7 Phd докторы бар. Бүгінгі күні университет бакалавриаттың 53 мамандығы бойынша жəне магистратураның 28 мамандығы, PhD докторантураның 6 мамандығы бойынша (математика, тарих, филология, шет тілі: екі шет тілі, агрономия, экология) білім беруде.
Білікті ұстаздардың қажырлы еңбектерінің арқасында университетіміз мыңдаған азаматтарды  білім нәрімен сусындатып, сапалы білім мен өнегелі тәлім-тәрбиенің арқасында халықаралық, республикалық рейтингілер мен сараптауларда лайықты орындардан көрініп, көптеген байқаулардың жеңімпазы ретінде танылып келеді.
37 оқытушы Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары» мемлекеттік грантына ие болса,  18 оқытушы əлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтіп, «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары атанып отыр.
Университет өткен жылдан бастап Еуропалық жəне Еуразиялық уни-
верситеттер қауымдастығының құрамына енді. Сонымен қатар, университеттің 3 оқытушысы Қазақстан жоғары оқу орындарының «ТОП-50» тəуелсіз рейтингіне енді.
Білім алушылар саны бес мыңға жуық адамды құрайды. Университетте студенттердің сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Бүгінгі күні білім ордасында 41 жаңа ғылыми-оқу зертханасы ашылып, онда студент жастарымыз теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Біздің студенттеріміз былтырғы оқу жылында жоғары оқу орындары арасында өткен студенттердің республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, әр мамандық бойынша жүлделі 25 орынды иеленіп қайтты. Бұндай жоғары көрсеткіш университет ұжымы үшін үлкен абырой, әрі зор жетістік екені даусыз.
Осы күні ірі ғылыми-зерттеу  және мәдени орталыққа айналған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің болашақта да ғылым мен білім жолындағы алар асуларының биік боларына сенімі мол. Осыны оқу орнының санаулылар қатарында «Уақыт таңдауы» байқауының жеңімпазы атанғаны да растай түседі.   

Айдар ҚОЖАБАЕВ,
 Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар