Әр салада игі істер бар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекеленген өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуында  бірқатар жетістіктерге қол жеткізілгенін  ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.

 

Аудан астық, ет, сүт, күнбағыс майы тәрізді ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін негізгі аграрлық-өнеркәсіптік өңірдің бірі болып саналады.  Жыл басынан  бері 26 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл аудан диқандары 395 мың гектар егіс алқабынан 516 мың тонна астық жинап алды. Гектар берекесі 13 центнерден айналды. Бұл облыстағы жоғары көрсеткіштің бірі.  51 мың тонна тұқым құйып алдық. Биылғы жылдағы астық шығымдылығы өткен жылдың көрсеткішінен артық екенін атап өткен жөн. Астықтың сапасы да жақсы. Бүгінгі таңда жиналған астықтың 60 пайызы 3 класқа жатады. Бұл өзге аудандар  арасындағы жоғары көрсеткіш болып табылады. Біздің астық үлкен сұранысқа ие.
Тамыз-желтоқсан айларында жаңа орақтың астығы экспортталды.  Республиканың өзге өңірлеріне де астық сатылды. Сондай-ақ, барлық санаттағы шаруашылықта мал басы көбейіп, ірі қара саны 30 мың басты, оның ішінде сиыр 15,8 мың басты, қой-ешкі 35 мыңды, жылқы 11,1 мың басты құрады. Ел тәуелсіздігі жылдары өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өсті. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 11,8 миллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы деңгейден 2,2 есе артық. Тәуелсіздік жылдары өңірдің диқандарына қайтарымсыз мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл қаржы 2003 жылдан бері 62 есе өсті. Сондай-ақ, шөп, пішендеме, сүрлем тәрізді мал азығы дайындалды. Мал қыстату үшін өңірдегі мал шаруашылығының қажеттілігін толық қамтамасыз етті. Ауданның агроөнеркәсіптік кешені тұқым, азық-түлік, жем тәрізді ішкі қажеттілікті толық жапты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелдерге астық экспорттауға мүмкіндігіміз бар.
Мәселен, «Зерновой двор» серіктестігі 29 миллион теңгеге бағаланған астық қоймасын салды. Бүгінгі таңда элеваторлар астық өңдеуде. Жалпы өңірдің егіншілік саласы ауыл шаруашылығы экономикасының локомотиві болып саналады. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласы оның терең өнеркәсіптік өңделуін дамытудың маңызды бөлігінің бірі. Биылғы жылы көктемгі егіс пен орақ жұмыстарын ойдағыдай өткізуге өңірдің машина-трактор паркін жаңғырту игі ықпал етті. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 11 егіс кешенін, 52 комбайн, 27 трактор тәрізді ауыл шаруашылығы техникаларын, «Атбасарская Нива» серіктестігі май зауытына қондырғылар, «Лана» астық қабылдау кәсіпорны өндірістің таразысын, зертхана қондырғыларын сатып алды.  Биылғы жылы Үкімет дала жұмыстарын жүргізуге және астық қабылдау кәсіпорындарындағы астықты кептіруге дизель отынын жеңілдетілген бағамен берді.
Аудандағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы басымдық бағыттардың бірі – мал шаруашылығы саласы.Бұл саланы мемлекеттік қолдау шарасының арқасында мал мен құс санының тұрақты әрі серпінді өсуі байқалады. Ет пен сүт өндіру көрсеткіші жоғарылады. Осы бағыттағы 150 миллион теңгенің асыл тұқымды ірі қара малы сатып алынды. «Шуйский» серіктестігі ангарды, сүрлем орнын, сауынды сиыр қораларын күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтетін  шаруашылықтар құрылды.  Бүгінгі таңда ірі қара мал еті экспортқа шығарылуда. Ауданымыз Астана қаласы қажеттілігін ет, сүт және оның өнімдерімен қамтамасыз етуде. Бұл бағытта «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және өзге де бағдарламалар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
   Өңірдің Индустрияландыру картасына «Жылына 2400 тонна макарон өнімін өндіру» жобасы енгізілген. Нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі. Бұл картадан тыс 166 жұмыс орнын ашатын жеті жоба қолға алынды. Бекітілген кестеге сәйкес, астық қабылдау пунктін жаңғырту, элеватор кешендерінің құрылысы тәрізді төрт жоба іске қосылып, 132 жұмыс орны ашылды. Қырман құрылысы, құрама жем өндірудің шағын цехы, элеватор кешенінің құрылысы тәрізді үш жоба қараша айында пайдалануға берілді. Өңірлік үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы 5 жобаны, биылғы жылы 8 жобаны мақұлдады. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы техникасы, арнайы жүк автокөліктері, кондитерлік қондырғылар, 42 вагон және балалардың ойын-сауық орталығы үшін қондырғылар сатып алынды. 1334 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірсе, оның 416-сы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 1529 адам жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 31 жобаны жүзеге асырып, 96 адамды жұмысқа орналас-тыру қарастырылған. Алғашқы екі транш бойынша 17 жобаның бәрі жүзеге асты. Білім, тәрбие және денсаулық сақтау саласының ошақтары мен жолдар жөнделді. Новоалександровка селосының маңы абаттандырылды.
Үшінші транш бойынша техникалық колледждің асханасы, шатыры, спорт залы, оқу корпусының сырты, жолдары жөнделіп, асфальт төселді. Өзге ауыл-селолардағы кеңсе, білім және денсаулық сақтау ошақтарының ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтті. Екінші бағыт бойынша 8 адам кәсіпкерліктің негізіне оқытылса, 31 адам мал шаруашылығы, қоғамдық монша, жиһаз цехы, жарнамалық агенттік тәрізді бизнесін дамытуға несие алды. Үшінші бағыт бойынша жастар тәжірибесіне 56 адам жіберілді, 43 адам тұрақты жұмысқа, 55 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналас-
тырылды. Аудан бойынша орташа айлық еңбекақы 89161 теңгені құрады. Бүлдіршіндер мектепке дейінгі тәрбиелеумен 60,8 пайыз және оқытумен 96 пайыз қамтылған. Мәдениет пен спорт саласында төрт мыңға жуық мәдени бұқаралық шаралар өткізілді. Аудан тұрғындарының 26 пайызы дене тәрбиесімен және спортпен айналысады. Облыстық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауында екінші, «Хрустальный колос-2016» жарысында үшінші, «Ақ бидай-2016» және «Надежда» спартакиадаларында бірінші орынды жеңіп алдық. Қала мен елді мекендерді абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіледі. Биыл бизнестің 5 нысаны іске қосылды.
Сөз соңында ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпорындары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары өндірістік көрсеткіштермен қарсы алып отырғанын атап өткім келеді. Салалардың қол жеткізген табыстары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сеніммен қарап, үміт артуға мүмкіндік береді. Жыл қорытындысы және оның келешегі туралы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң серпілісті сақтау бағытында барлық шаралар қолға алынды. Межеленген жоспарларды жүзеге асыру ауданның экономикалық әлеуетін нығайтып, жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға жол ашады.
Андрей НИКИШОВ,
Атбасар ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар