Сенаторлар облыс әкімімен кездесті

Өңірлерде сапарда жүрген Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының әкімі
Сергей Кулагинмен кездесіп, пікір алмасты.

Өткен жылды ақмолалықтар табысты қорытындылады. Диқандар қауымы 5,7 миллион тонна астық  жинап, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі рекордтық 300 миллиард теңгеге жетті. Сөйтіп, ақмолалық аграршылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты тартулар жасады.
–Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлерді дамыту жөнінде алға қойып отырған міндеттерін ойдағыдай орындап келеміз. Өткен жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына жалпы құны 174 миллиард теңгенің 70 жобасы енгізілді. Өткен жылы инвестициялық форум өткізіп баламалы энергетика, металлургия, көліктік машина құрастыру салаларын дамытуға бағытталған 1,2 триллион теңгенің жобаларын жүзеге асырумен әріптестік туралы 10 меморандумға қол қойылды, – деді облыс әкімі С.В.Кулагин.
Сөз кезегінде сенаторлар Парламент Сенатының атқарған жұмыстары туралы және қабылданған заң жобалары жайлы айтып берді.
Көкшетау қаласындағы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорация» жауапкершілігі шектеулі кәсіпорнында болған сенаторлар көпсалалы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жайымен танысты. Мұнда Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы өндірістерінен әкелінетін дайын өнімдерден ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылыққа қажетті техника құрастырылады. Бұл кәсіпорын өткен жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жалпы алаңы 6 гектардан астам жерді алып жатқан кәсіпорынның бірінші кезегі іске қосылып, қазір ол өнімді жұмыс істеп жатыр.
Жалпы жоба құны 3375 миллион теңгені құрайды. Қазірдің өзінде кәсіпорын шөп шалғыларын, шөпті буып-тайлайтын агрегаттар, егістікке минералдық тыңайтқыш сіңіретін жабдықтар, соқалар мен дискілі культиваторлар құрастыруда. Қазақстанда құрастырыла бастаған ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникаға деген сұраныс бар көрінеді. Сенаторлар өндіріс мамандарымен, жұмысшыларымен пікір алмасып, елімізді үдемелі индустрияландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен көмектер жайлы кеңінен айтып берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар