Мәжіліс депутаттарын қабылдады

Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қабылдап, ой-пікірлерімен бөлісті және облыста атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Облыс басшысымен кездескен Мәжіліс депутаттары атынан  Сапар Ахметов жұмыс сапарларының жоспары жайында айтып берді. Облысымыздың бірқатар өңірлерінде болып, жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізетін халық қалаулылары жергілікті жердегі атқарылып жатқан істермен танысып, көпшіліктің ой-пікірлерін тыңдамақ. Облыс әкімі депутаттардың заң шығару сияқты маңызды жұмыспен айналысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын айта келе, осындай ауыр да жауапты жұмыстарына табыс тіледі.
– Өткен жылы еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткендігі белгілі. Осы кезең ішінде Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді. Астаналық облыста да атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер аз емес, – дей келе, облыс басшысы аграрлық аймақтан аграрлық-өнеркәсіптік аймаққа айналған өңіріміздегі атқарылған шаруалар жайында баяндап берді. Соңғы жылдарда облысымызда көптеген ірі өнеркәсіп саласындағы жобалар жүзеге асырылып, өнеркәсіп өнімдері көлемі арта түсті. Өткен жылы облыс құрылысшылары тұрғын үй салу жоспарын 145 пайызға орындап, көптеген отбасылар баспаналы болды. Мемлекеттік бағдарламалардың бәрі орындалуда. Жыл қорытындысына сай мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржы  99,3 пайыз көлемінде игерілген.
Облыс басшысы сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарының назарын аграрлық саланы дамытуға ықпал ететін  саланы қаржыландыруға қажетті заңдық негіз жасауға аударды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар