Отандық өнімге көңіл бөлудің нәтижесі

Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналатын «Көкшетау сүт зауыты «Молоко Синегорье» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған бір топ Мәжіліс депутаттары зауыт ұжымымен кездесіп, сүт өндіру барысымен танысты.

2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зауыт бүгінде  сүт қабылдап, оны өндірумен айналысуда. Шикізат негізінен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Есіл Агро», «Айбат», «Тайынша Астық» және «Тахтаброд» тәрізді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден тасымалданады. Кәсіпорында бүгінгі таңда ірімшік, май, қаймақ және сүт өнімдерінің бірнеше түрі шығарылады. Өнімнің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Кәсіпорын алдағы уақытта шетелге сүт өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр.
Сүт зауытының директоры Елена Московецтің айтуына қарағанда, зауыт ультрапастерленген А3/Flex сүтін өндіру бо-йынша екі бірдей технологиялық желімен жабдықталған. Зауыттың қуаты тәулігіне 16 тонна сүт өңдеуге жетеді. Жақында тағы бір  жоғары температурада сүт өңдейтін желі іске қосылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта шведтердің әдісі бо-йынша қышқыл сүт өнімдерін,  гректердің әдісі бойынша «Стефарт» йогуртын, финдердің әдісі бойынша жапсырма қағазын және көлемі 1-2 литрлі шиша шығаратын жаңа желілерді іске қосу жоспарланған.  
– Кәсіпорынның қазіргі заманғы озық технологиялық әдісті қолдануы өндіріс көлемін едәуір арттырып, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беруде. Өнім негізінен Астана, Ақмола облысының аудандары мен еліміздің өзге облыстарына, Ресейге шығарылады, – деді Елена Московец өз сөзінде. Жұмысшылармен жүздесіп, өндіріс туралы әңгімелескен Мәжіліс депутаттары елімізде отандық өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында елімізге отандық өндіріс, өңдеу өнеркәсібін жандандырып, сол арқылы экономиканы дамыту үшін нақты қадамдар жасауға түбегейлі бет бұру міндеті қойылып отырғанын атап өтті.
– Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында ауқымды шаралар қолға алынған. Олардың барлығы отандық өнімдерді шығарып қана қоймай, қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға бағытталған.  Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының дамуы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізері сөзсіз, – деді Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар