Қызығы мол кеш

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ  музыкалық-драма театрында  өткен  жаңа жылдық  кеш  балалар есінде қалды. 

Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, төрімізге жаңа 2017 жыл келіп, жайғасты.  Бұл мереке үлкендер мен жасамысқа,  балаға да ғажайып көңіл-күй  сыйлайды.  Әсіресе, бал тілді балалар  бұл мерекені асыға күтеді.
Осы орайда, әсіресе, қазақ  театрында өткізілген  жаңа жылдық қойылым  көңілден  шықты. Осындай шара өткізген  театр  ұжымына алғысымды білдіргім келеді.  Театрда балалар «Күлше қыз» ертегісін тамашалап,  кейіпкерлермен бірге би биледі. Әсем кеште балдырғандар да өздерінің шығармашылық қарым-қабілеттерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардың қолынан тәтті кәмпиттер мен сыйлықтар алды.  Осылайша әуелеген әуезді ән және мың бұралған бишілердің биін   көрген балалар  шаттыққа кенелді.

Гүлнаш ҚҰРМАНОВА,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп-гимназиясының  мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар