Көптің алғысы тегін айтылмайды

Облыс  әкімі Сергей Кулагин Есіл ауданына барған жұмыс сапары барысында азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Жеке қабылдауға Калачи және Красногорск ауылының бұрынғы тұрғындары және жетім балалар келді. Аймақ басшысының алдында келушілер осы елді мекендерден Есіл қаласына көшуге көмек көрсеткені және жетім балаларға үй бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтты.
– Біз шын ниетімізбен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Үкімет басшыларына және Ақмола облысының әкімі Сергей Витальевич, өзіңізге өмірлік қиын жағдайда бізді жалғыз тастамай, көмек қолын созғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бүгінде «қолымызды жылы суға малып, бақуатты өмір сүрудеміз, бұл үшін барлық жағдай жасалған», – деді зейнеткер Нина Бурцева.                                                                                                                                            
– Бізге ауылда қалу немесе қалаға көшу туралы таңдау құқығын бергенде біз ойланбастан көштік. Бүгінде балаларымыз қонаққа келіп, біздің жағдайымыздың жақсы екенін көріп қуануда. Елбасымызға да, облыс басшыларына да адамдық ақ алғысымызды білдіреміз, – деді көршісін қостаған Галина Аршинцева.
– Балалар үйінің түлектері де мемлекеттік қолдауды сезіп келеді және  жаңа үй бергені үшін ризашылықтарын білдіруде. Бүгінде біздің басымызда баспанамыз, үй-жайымыз, қызметіміз бар. Мемлекет басшысына рахмет, – деді жас ана Любовь Орлова.
Облыс басшысы келушілерді мұқият тыңдап, сенім білдіргендері үшін алғысын айтты және амандық, отбасылық бақыт тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар