Депутаттардың ықпалы мол

Бодандық құрсауынан босаған еліміз ширек ғасыр ішінде даму мен жаңарудың қиындығы мен қуанышын, жетістіктері мен жеңісті сәттерін бастан кешірді.

 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтардың салдарынан өңіріміздегі тұрғын үй құрылысы тоқтап қалғаны белгілі. Алайда, 2000 жылдан бастап бұл салада қайта өрлеу басталды. Соңғы он бес жылдың ішінде Көкшетауда 1 миллион 130 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі мекемелерде кезек күткен бүлдіршіндерге арнап 17 балабақша қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, «Бурабай» спорт кешені мен теннис орталығы, перинаталдық, Қан орталықтары, Достық үйі сияқты жаңа нысандар бой көтеріп, «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайлары, Синема-Әлем кинотеатры мен Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.   
Бұл ретте, құрылыстың қарқын алуы-на қалалық мәслихат депутаттарының да ықпалы тигенін ұмытпаған абзал. Халық қалаулыларының көпшілігі өндірістік құрылымдардың басшылары және олар өздерінің қызмет барысында тұрғындардың жеке және қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелерін күнделікті шешуге ұмтылуда. Қала әкімі жанындағы барлық комиссиялардың мәжілістері мен кеңестеріне,  сондай-ақ, жаңа және жөндеуден өткен нысандарды пайдалануға қабылдау шараларына қатысулары олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Депутаттар мен атқарушы органдар өкілдерінің бірлескен  жұмысы  тәжірибеде оң орын алған.
Қалалық мәслихат депутаттары былтыр 6 сессия өткізіп, тұрақты комиссия мәжілістерінде қырыққа жуық мәселе қарады. Сессиядан бұрын тұрақты комиссиялардың отырыстарында бюджет жобасының қаралуына, оның кіріс бөлігінің орындалуы мен бюджеттің тиімді игерілуіне жіті назар аударылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті, денсаулық сақтау және білім беру, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту және халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де өте маңызды мәселелер ретінде қаралуда.
Депутаттар ай сайын өз сайлау округтеріндегі сайлаушылармен кездесулер өткізіп тұрады. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі. Түскен өтініштердің барлығы мұқият қаралып, әрқайсысына жеке-жеке жауап беріледі, қажет болған жағдайда депутаттық сауал жолданады. 2016 жылдың ішінде осылайша 86 мәселе бойынша депутаттық сауал жолданды. Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және қаланы жарықтандыру, жолдарды жөндеу, әлеуметтік және мәдени салаларға қатысты мәселелерімен келгендігі байқалды.   
Қала тұрғындарын толғандыратын басты мәселелердің бірі – баспана жайы. Былтыр осы зәрушілікті шеше түсу үшін  101,9 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Васильковка шағын ауданындағы, Абылай хан даңғылы мен Горький көшесінің қиылысындағы абаттандыру жұмыстары аяқталды. Балаларға арналған 13 ойын және 11 спорт алаңдарына жөндеу жүргізілді. Капцевич көшесіне облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізілді. Қала бойынша 318 мың шаршы метр аумаққа, яғни, 50-ден астам көше учаскелеріне асфальт төселді.  
 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында депутаттық корпусқа өз қызметін жетілдіріп, түйінді мәселелерді белсенді түрде анықтап, шешу міндеті жүктеліп келеді. Соған орай, күнделікті қызметімізде осы міндеттерді шешу тәсілдеріне, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі мен әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға қол жеткізу қажеттілігіне баса назар
аударылуда. Жас мемлекетіміздің алдында дамудың әлі де зор белестерін бағындыру міндеттері тұр. Бұл орайда, өткен 2016 жыл осыған тағы бір  елеулі қадам ретінде тарихта қалары анық.  

Бауыржан ҒАЙСА,
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар