Ата жұртта бақытын тапқан

Аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында  ата жұртқа қоныс аударған ағайындармен  кездесті.

Сонау 1990-шы жылдары басталған ұлы көштің ішінде болған ағайындар бұл жиынға көтеріңкі көңіл-күймен келді. Астана іргесіндегі ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген қандастарымыз шаруашылықтың сан саласында еңбек етеді. Елорда маңында орналасқан елді мекендердегі  инфрақұрылымдар жұртшылық көңілінен шығатын дәрежеде. Жол қатынасы, ауызсумен қамтамасыз ету – бәрі дұрыс жолға қойылған.  Жыл сайын жаңа мектептер, балабақшалар, ірі өндірістік кәсіпорындар салынып, электр желілері тартылуда, тұрғын үй, жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Елорданың тұрғындарының көбі бүгінде қалада емес, қала маңындағы елді мекендерде тұрғанды жөн санайды. Осыған орай, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды ауылдары жыл санап өсіп келеді.
Аудан басшысы  25 жылдың ішіндегі еліміздің қол жеткен жетістіктері жайлы баяндап, Елбасының басшылығымен атқарылып келе жатқан игі істер туралы әңгімеледі. Өз кезегінде сөз алған қандастарымыз да ата жұртқа көшіп келуге мүмкіндік жасап, осындай  жағдай туғызып отырған  жергілікті басшыларға деген игі тілектерін айтып жатты.  Олардың ішінде бұл кездесуге домбырасын алып келген Сейітжағыпар Хабай жыр шашуын арнап, ақ тілегін әнмен жеткізді. Іргесі бекіген егеменді елдің қол жеткен табысын мақтаныш етіп, оның көшбасшысы болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа  ықыласқа толы алғыстарын айтты. Бәрінің дерлік жұмысы бар, тұрмыстары жақсы, балалары мен немерелерінің қол жеткізген нәтижелеріне разы.
Ауданға танымал спортшы Нұрлан Мәуленұлы да жүрекжарды тілегін айтты. Бұл азаматтың балалары спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сондай-ақ, аудандағы бірқатар мектептердің басшылары  кешегі Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз. Олардың арасынан шыққан ауыл  әкімдері де бар. Аудан әкімі өңірімізге еңбек сіңірген бірнеше қандасымызға  сый-сияпатын жасап,  Алғыс хаттарын тапсырды.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар