Құбыр жарылып, көшені су алды

Мұндай жағдай облыс орталығында біраздан  бері байқалмап еді.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Зейнұр Әлібековтың айтуынша, апат күндізгі 12 сағат 45 минут шамасында Ақан сері  мен Кенесары көшелерінің қиылысар маңында, Глинин көшесіне қарай тұста орын алған.
– Құбыр жарылып, су ағып жатқаны туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына дереу бригада жіберіліп, су тоқтатқыштар жабылды. Сондай-ақ, апат аумағы анықталып, арнайы 20 техника су сору жұмыстарын жүргізуде. Құдықтар тазаланған соң апаттың себептері анықталатын болады. Тұрғындарды сабырға шақырып, көлік иелерін аталған жолды айналып өтуге шақырамыз, – деді ол.
Абырой болғанда, тұрғын үйлерге су кірген жоқ.  Қазіргі кезде ақауды анықтап, жөндеуге «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының 50-ге жуық жұмысшысы мен қаланың барлық коммуналдық қызметі жұмылдырылған. Әзір құбырдың жарылған жері анықталған жоқ. Оқиға орнына келген қала әкімі Ермек Маржықпаев  апат салдарын жою шараларын өз бақылауына алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар