Ауылдағы ұлық мереке

Төңкеріс ауылының тұрғындары  Мұхаммед Пайғамбардың туған күні құрметіне  Мәуліт мейрамын атап өтті.

Бір ай бойы тойланатын  бұл мерекеге  жергілікті мұсылман қауымы  көп  жиналды.  Ауыл  мешітінің  имамы Бекболат Төлеуов жиналғандарға   діни уағыздар айтып, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасаған ізгілікті істері жөнінде, мінез-құлықтары, көрсеткен өнегелері жайында әңгімеледі. Ал, ауыл ақсақалдарының ақ батасы бұл  мерекенің  мәнін аша түсті.
Қайырымдылық болмаған жерде, береке де болмайды. Ел ағасы  Ыдырыс Қожабаев демеушілік жасап, ас берді. Осы Мәуліттің   жоғары деңгейде өтуі –  елдің ауызбіршілігі мен ұйымшылдығының    арқасында  екені даусыз.   Осындай айтулы мерекелер әр өңірде өтіп жатса, рухани байлығымыз арта түсері анық.
 
Салтанат   ҚАУМҰРАТОВА,
№12 Төңкеріс орта мектебінің
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар